Сен тұр - мен айтайын!

"Адам болмайсың" деп өсіргендердің адам болғанын көрмедім

  • "Адам болмайсың" деп өсіргендердің адам болғанын көрмедім

"Үкімет ПРЕЗИДЕНТ қойған тапсырмаларды ойдағыдай орындады. А.Мамин басшылық еткен үкіметке сенім білдіремін" деді бүгін президент Қ.Тоқаев. Осылайша "Үкімет тарайды, А.Мамин үкіметі тарауы керек" деген алып-қашпа әңгіменің нүктесін қойды.

Былай қарасам, жан-жағымдағы адамдардың әл-ауқаты нашар емес. Әсіресе мұғалімдердің жағдайы жақсарып келеді. Маминнің есебіне қарасақ 1,7 млн адамның жалақысы артыпты. 270 мың жұмыс орны құрылған. Инфляция жоспарланған деңгейде көрінеді. Одан басқа да оң өзгерістерді атап көрсетті. Ондай үлкен экономикалық қадамдарын қатты түсіне бермеймін. Бірақ жер-жерге газ тартылып, жалақысы көбейіп, жұмыс істеп жүрсе, бізге керегі де сол ғой. Аз қамтылған отбасылардың балалары тегін тамақ ішсе де көмек.
Ошым, Президент Үкіметке сенім білдіріп отыр екен. Мен де сеніп отырмын. Сәл оптимист болам деп шешкенмін. Жақсы сөз - жарым ырыс. Өткенде бір құрбым кредит төлеуге бара жатып, "Қазір мына ақшаны жоғалтып алам" деген еді. Жоғалтып кепті. "Адам болмайсың" деп өсіргендердің адам болғанын көрмедім. "Біз құримыз" деп емес, "Жаман емеспіз, әлі де жақсы боламыз" деп өмір сүрейікші.

Бану Даулетбаева
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 19:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29