Адам қолда бар ақшасынан кем болмасын, әйтпесе ақшаның астында бастырылып қалады
Ақша
Өзі не қалайтынын білмейтін адамға ақша бақыт әпермес. Ақша әр нәрсенің бағасын білуге қорқатын адамның құндылықтар жүйесін жасап шыға алмайды, ақша көзін тарс жұмып, өз жолын іздегенге мақсатын анықтап бермейді. Ақша ақымаққа ақыл әпермейді, оңбағанға - марапат, топасқа - мадақ сыйламайды. Егер ақшаның күшімен өзіңнен ақылды, лауазымы жоғары адамдармен араласып, мәртебеңді арттыруға тырыссаң, ақырында өзіңнен төмен адамдардың құрбаны боп тұтыласың. Зиялылар ондай адамнан тез арада теріс айналады. Оның айналасына алаяқтар мен ұрылар топтасады. Себеп пен салдардың түйіні мынада: адам қолда бар ақшасынан кем болмасын, әйтпесе сол ақшаның қуатының астында бастырылып қалады.
Айн Рэнд
Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан