Сен тұр - мен айтайын!

Адам қызығар атағы жоқ біреуге барып үй салып беру деген

  • Адам қызығар атағы жоқ біреуге барып үй салып беру деген

    Адам қызығар атағы жоқ біреуге барып үй салып беру деген

Қайбір жылы Құдай айдап, Америкадан қайтқанбыз. Қайтудың алдында о жаққа алдымен барғанымыз аян шығар) Өтемістен туған он едік демекші, онбыз әлгі жерде. Оншақты отбасыға бөліп тастады бізді. Солардың тоңазытқышынан ас жеп, төсегін тоздырып, матрасын мыжғылап, он күн жаттық емес пе? Айтайын дегенім, Америкадағы соңғы күндеріміздің бірінде бізді сол отбасының бірі қонаққа шақырды. Қасымда – Timur Bektur ақсақал. Қонаққа келе тұра, өзімізбен бірге етімізді арқалап келгеніміз енді бөлек әңгіме) Қысқасы, қаланың сыртындағы жұпынылау үй екен. Ерлі-зайыпты, екі қызы, қартамыс мысығы, шамасы. Иә, көлігі – Фольксваген Пассат. B4 шанақтағы. Әлі есімде. Ескі. Мұғалім бе, дәрігер ме, енді орташа табыстағы әміркендер. Бірақ, әңгімесін естіп, Тимур екеуіміздің шатырымыз қозғалып кете жаздады. Сонда не деді десеңіз, бұлар тағы өздері секілді оншақты адаммен қосылып, әр отпускі сайын Гондурас деген мемлекетке аттанады екен. Демалуға емес. Маңдайынан күн өтіп, қолына мозоль шығып, табаны тілініп жүріп, жабылып үй салады. Үйсіз гондурастықтарға. Айналайын, оны шақырған ешкім жоқ. Бұларға бұйрық еткен өкімет жоқ. Өздері ғой. Бір үйді өліп-талып салып, пальманың астында жатқан біреуіне кілтін ұстатып қайтады. Сонда әйелі айтады ғой – «Шіркін, келесі тамыз тезірек келсе екен! Отпускімізді алып, ақшамызды қосып, тағы бір гондурастыққа үй салып берсек!». Өз тамағымызға өзіміз шашалып қала жаздадық. Бұл не деп кейін ойлансам, Америкадан бір үлгі болса, үлгі етуге тұрар азаматтық қоғам деген осы екен ғой...


Туысы емес, тамыры емес, айдалада сенімен шатағы жоқ, адам қызығар атағы жоқ біреуге барып үй салып беру деген.. Біз бұлай етпедік, ең болмаса, өз ішімізде өзіміздің қотырымызды қасып, айналамызға қарап, ағайынға жылу танытпадық па? Әйтпесе, айналамыздың бәрі қолын көтеріп, маған қарашы, мені тыңдашы деп тұр ғой. Менің түсінігімдегі азаматтық қоғамның біздік үлгісі осы болар. Елбасы да өткен Азаматтық форумда осыны меңзеді. Менің түсінгенім – билік үкіметтік емес ұйымдарға ерекше назарын аударып отыр, бизнестің азаматтық қоғамды дамытуда қолдауы әбден қажет екенін айтты, мемлекет пен қоғам арасында сенім мен дұрыс түсінік орнауында осы белсенді ұйымдардың рөлі зор екенін мойындады. Санға қарасаңыз, 5 мыңнан 22 мыңға көбейіпті олар. Мемлекеттің тапсырысы да 20 млрд теңгеден асып жығылған. Жығылмай-ақ қойсын, асыпты дейікші. Енді сапа қалды. Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамында бес жыл істегенім бар, мұқтаждарға нәпақадан көмектесу, киім жинап беруден бастап, полиэтилен пакеттен бас тартып, дүкенге мата дорба алып баруды үндейтін не Сарыарқадағы дала көлдерінің тартылуы мен ластануына дабыл қағар ұйымдардың көбейгенін қалар едім. Эстонияда миллион-ақ адам тұрады, бірақ, миллион стартап бар деп таң қаламыз ғой. Ендеше, біздегі 18 миллион адамға миллион түрлі ұйым болып, триллион мәселемізді өзіміз шешсек, шіркін... 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2395    Пікірлер: 0

сенбі, 01.12.2018, 16:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31