Сен тұр - мен айтайын!

Адам тағдырын өз қолымен жасайды дейді білетіндер...

  • Адам тағдырын өз қолымен жасайды дейді білетіндер...

    Адам тағдырын өз қолымен жасайды дейді білетіндер...

 Жер бетінде қанша адам болса, сонша тағдыр бар ғой. Баяғыда үшінші қабатта тұратын көршім бар еді. Жақсы араластым. Бір тал ғана қыздары болды. Мен көргенде енді он үшке келген, шашы ұзын, үріп ауызға салғандай әп-әдемі қыз еді. Көрші апай тәп-тәуір қызметте істейтін. Бірақ күйеуі қатты ішетін еді. Екі күннің бірінде арақ сасып, шайқалақтап келе жатқанын көретін едік. Құрылыста істейтін бе еді, ол жағы есімде жоқ. Бірақ үйіне қомақты ақша әкеп тұратын. Күйеуінің бір міні ішетіні еді. Ішіп келген күні үйлерінде береке болмайтын. Әйеліне қол жұмсап, балағаттап, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын. Көршілер қандай жанжал болса да, шағым айтпайтын еді. Ол кезде мұндай нәрселерге мән бермей ме, әйтеуір сыңсып жылаған әйелдің үніне, тасыр-тұсыр еткен дыбысқа да ешкім селт етпейтін.
Бір күні үшінші қабаттағы көршім жылап келді. Көзі көгеріпті. "Үйіңде отыра тұрайыншы" деді. Мен әрине, келістім. Жылап айтқан әңгімесін тыңдап, бетіне қарадым да отырдым. "Неге ажырасып кетпейсіз?" дегеніме, "Қалай ажырасам. Ажырассам далада қалам ғой. Қызымды қайтіп бағам" деді. Сол көрші тәтенің қызы бір күні аяқ астынан бүлінді. Шашы тілерсегіне келетін еді. Сол шашты алыпты да, қиып тастапты. Көргенде ішім ашыды. Қап-қара, төгіліп тұратын шашын қалай қиды, солай қызы "қыз ғұмырымен" қош айтысты. Бәлкім, шашқа да байланысты емес шығар. Бірақ маған қыздың бақытты ғұмыры сол шашпен кеткендей болып көрінді. Содан бастап қызы қатты өзгерді.
Бір күні маған келіп "Тәте, сізге бірдеңе айтайын ба?" деді де, біраз үнсіз қалды."Мен әкемді жек көремін. Әкем маған түнде мама жоқта қол салды. Мені сипалады" деді де жылап жіберді. Мен мына сөзді естіп, шок болдым. Оны құшақтап, бауырыма бастым. "Бәлкім, папаңды дұрыс түсінбеген шығарсың. Сені еркелеткісі келген шығар" деп едім, "Жоқ! Мен бәрін білем. Ол маған тиіскісі келді" деді айқайлап. Содан кейін қызы менің үйіме жиі келетін болды. Кейде көңілді, кейде мұңайып жүрді. Бір күні үйіме сондай көңілді, жүзі бал-бұл жанып, кіріп келді. Өзінің бір жігітке ғашық болғанын айтты. Мен оның бір әңгімесіне мән берсем, бір әңгімесіне мән бермедім. Бала ғой деп ойладым...Бірақ...мен ойлағандай ол бала болмай шықты...Сол жігітке бар асылын беріп үлгеріпті...
Содан бастап ол қатты өзгерді. Жүріс-тұрысы, сөзі...Бәрі мен алғаш көргендегі қызға ұқсамады. Үйлерінде де жанжал үдемесе, бәсеңдемеді. Тіпті жиілеп кетті. Күнде ұрыс, төбелес. Маған біресе мамасы, біресе қызы жылап келеді. Күні кешке дейін солардың проблемасын естимін. Мамасы мен қызының да арасы шиеленісе берді. Қызы алқаш күйеуден ажыраспаған шешесін кіналайды. Шешесі тіл алмайсың деп қызын кіналайды. Әйтеуір жағдай ұшығып кетті. Мамасы маған "ақылыңды айтшы, сені тыңдайды ғой" дейді. Қызы негізі өнерлі еді. Қызға шынымен жаным ашитын еді. Оған көмектескім келді. Бір күні қолынан жетектеп алып "Ұлан" газеті редакциясына алып бардым. Қолымда қыздың салған суреті. Ондағы аға-тәтелер шағын сұхбат алып, жазып алды. Кейіннен газетке шықты. Қыздың сәл көңілі көтеріліп қалғандай болды. Оның көңілін жақсы нәрселерге аударып, көмектескім келді. Оған "сен енді газетке жазып тұр, жарай ма?" деймін. Бірақ бұл еңбегім уақытша ғана болды. Негізі, ата-ана тарапынан қолдау болмағаннан кейін, менікі құр әуре еді. Тоғыздан кейін қыз колледжге оқуға түсті де, үйінен кетіп қалды. Мамасы жылап маған келді. "Барып, сөйлесші. Үйге қайтсын деп айтшы" деп көз жасы көл болған соң, іздеп оқу орнына бардым. Мені тыңдағысы келмей, кекірейе қарады. Оның сырын біраз біліп қалдым ғой. Ақыры үйіне қайтуға көндірдім. Осылайша ит тірлікпен олар өмір сүріп жатты. Қызы біресе кетіп, біресе келіп жүрді. Бұрыңғы балаң мінезді қыз жоқ. Есейген. Маған да келіп, талай әңгіме айтып кетеді. "Тәте, сіз осылай үйіңізден шықпай отыра бересіз бе? Сіз какая та страннаясыз ше...Ну, өмір өтіп барады. Ал сіз әлі үйіңізден шықпай отырсыз" деп біраз мораль оқып кетеді

Қызы үйінен кете берген соң, мамасы ажырасып тынды күйеуінен ақыры. Ал күйеуі сол пәтерінде неден екені белгісіз, қайтыс болды. Он жыл өткеннен кейін сол тәтемді кездестіріп қалдым. Қызы тұрмысқа шыққан екен, тұра алмапты. Қазір отыздан асқан жалғыз екен. Өзі де содан кейін тұрмыс құрмаған...Тағдыр! Маған "Сені кейде есімізге аламыз. Сен бізге көп көмектестің ғой" дейді..."Қызым сол күйі бақытты бола алмады. Оның сондай бақытты болғысы келді. Бала күнінде шетелге баруды, мынандай машинам болады деп армандаушы еді. Армандарының бәрі орындалды. Шетелге де барды, үш машинасы да болды. Тек жеке өмірі болмады..." деді мұңайып.
Адам тағдырын өз қолымен жасайды дейді білетіндер...Кім біледі? Бәлкім, тағдыр бізді таңдайтын шығар...Бірақ бір білерім, ешкім маңдайына жазған жазуынан асып кете алмайды. Тағдыр жазуын ешкім өшіре алмайтынын түсіндім...Сол үшін адам тағдырымен ойнамайықшы! Кім қандай болса да тағдырының "құлы". Әңгіме айтқанда да абай болайықшы, жарай ма...

www.facebook.com




Көрілген: 1779    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.08.2020, 19:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30