Сен тұр - мен айтайын!

Адамдар, қатты мейірімсіз болмайықшы...

  • Адамдар, қатты мейірімсіз болмайықшы...

    Адамдар, қатты мейірімсіз болмайықшы...

 Қазақстанға дəрі жіберуге аэропортқа келгем. Ешкім алмайды. Ақжарқыннан кейін бəрі қорқады ғой деймін. Бірден "жоқ" дейді. Тіпті Эйр Астананың адамы ғой деймін бір қыз "сіз жолаушылардың уақытын алып, оларды "дəрі əкетесіз бе?" деп қорқытып жатырсыз. Қазір тиісті адамдарды шақырып, аэропорттан сізді шығарып жібереміз. Сіздің дəріңізді ешкім əкетпейді. Бөтен адамның затын алмауды жолаушыларымызға ескертеміз" дейді. Осындай кезде көкбеттігім көмектеседі ғой.  "Шақырып, шығарып жібер" дедім. Құдды мен ерігіп жүргендей сөйлейді ғой тегі. Аэропорттағы Эйр Астананың кассасына бардым. Кассадағы əйелге "Стюардесса, стюард танысыңыз жоқ па?" дедім, "жоқ" деп басын шайқады. Регистрация жасап отырған адамдарға өтіндім, Эйр Астананың өкілі деген қызға өтіндім, ешкім көмектеспеді.
Адамдар, қатты мейірімсіз болмайықшы... Адамға жаны қысылғанда дəрі керек. Қазақстанда ол дəрі екі-үш есе қымбат. Дəрі алдырып жатқан адамды өмірде мен де көрмегем. Бірақ түйсігіммен оның жақсы адам екенін сезем.
"Жиырма минут күтем. Болмаса, кетем" деп жыларман боп тұрғам. Жасырмаймын, ызаланып, жылап та алдым.
Құдайға қараған Антон деген мəскеулік жігіт дəріні алды. Ақша беріп едім, алмады. Əлемді сақтап тұрған осындай мейірімді адамдар.

Көктемде Шымкенттен Астанаға ұштым. Бір əйел "бір жапырақ қағазды, анализді Астанаға əкетесіз бе?" деп əркімге жалынып жүр. Əдейілеп бақылап тұрдым. Ешкім алмады. "Əкеліңіз" деп алдым.
Құрбым Бану бірде Мəскеуден Астанаға Шымкент арқылы ұшты. "Шымкент аэропортында қолында бір жапырақ қағазы бар қария əркімге "Астанаға мына қағазды əкетесің бе?" деп жалынып жүр, ешкім алмады. Сосын мен алдым. Ұлы Астананың аэропортында күтіп алып, мені таксиге салып жіберді" дейді.
Қазір аэропортта нашаны қатаң тексереді. Жай ғана жеңіл затты, не бір жапырақ қағазды əкетіп, сіз бір адамға жақсылық жасайтыныңызды ұмытпаңызшы.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 229    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30