Адамдарды ақымақ қып ақша тауып жүрген анада ұят жоқ, соларға сеніп, тапқанын түгел беріп жүрген мынада ми жоқ

27 қазан 2021, 01:09

Неге бәрі мотивацияға мұқтаж боп қалған? Кейінгі кездері мотивациясырап жүргендерді көп байқап жүрмін. Бір белеске шығу үшін, бір биікті бағындыру үшін міндетті түрде сені біреу қайрауы керек пе? Іздегенге сұраған демекші қазір мотиватор, коуч, тренерлер қаптап кетті. Кейбіреулері оқушыларын тіпті балағаттап тұрып қайрап жатады. Алға қарай жылжимын десең айналаңның бәрі мотивация емес пе? Терезеден қарашы, таң атпай құстар балапандарына азық іздеп ұшып кетіп жатыр. Көшеге шықшы, 80 мың теңге айлыққа қарт кісі көше сыпырып, күнкөрістің қамымен жүр. Айта берсең мысал көп. Көкірек көзі ашық, санасы ояу адамға осының бәрі мотивация емес пе? Жігерлену үшін біреуге 500 мың, біреуге 700 мың теңге төлеудің қажеті жоқ! Бос әурешілік пен ысырапшылық. Адамдарды ақымақ қып ақша тауып жүрген анада ұят жоқ, соларға сеніп, тапқанын түгел беріп жүрген мынада ми жоқ.

Фейсбуктегі парақшасынан