Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Адамдардың ниеті түзелмей ел түзелмейді

03 маусым 2022, 02:07

Бір жылы жұмыста баспана беріледі деген әңгіме шықты. Тіптен “Басшылық үйі жоқтардың тізімін жасап жатыр, үй сол тізім бойынша үлестіріледі” дегенге дейін барды.
Бір топ әріптес дереу қолына қалам алып, тізім жазуға кірісіп кетті. Кезек маған келгенде “Үйім бар, мені қоспай-ақ қойыңыздар” деп едім. Әлгілер маған есі ауысқан адамға қарағандай қарады. “Беріп тұрғанда алып алмайсың ба…”, - деді біреуі.
“Ертең шын пәтерсіз жүрген адам ала алмай, мен алып кетсем, біріншіден, ұят болады, екіншіден, сөз болады” деп құтылдым.
Біздің қоғам осы ғой. Реті кеп тұрса басып қалу, істеп қалу, тістеп қалу, қарпып қалуға құмар. Солай екі-үш үй алған таныстарым бар. Онысын өздері керемет бір ерлік санап, мақтан қылып айтып жүреді. Екінші тұрмақ, жетінші республика құрсақ та, адамдардың ниеті түзелмей ел түзелмейді. Айтқаным айтқан!

facebook.com парақшасынан