Сен тұр - мен айтайын!

Адамды киіммен қабылдау, қызметімен қабылдау біздің қоғамның трагедиясы

  • Адамды киіммен қабылдау, қызметімен қабылдау біздің қоғамның трагедиясы

    Адамды киіммен қабылдау, қызметімен қабылдау біздің қоғамның трагедиясы

Мəскеуде Қазақстан атынан үлкен қызметте бір апай істейді екен. Сол кісі қайбір жылы Алматыға келеді. Үйінен қоқыс төгуге шығады. Аула болғасын үстіндегі халатымен, аяғындағы сүйретпесімен шыға салады. Апай ауырып, қоқыстың қасында құлайды. Құдайға қараған адам жедел жəрдем шақырып, апайды салып жібереді. Апайды "палатада орын жоқ" деп дəлізге жатқызады. Дəрігерлер дұрыс қарамапты. Есін жиған апай "Мəскеуде тұратын қазақ едім. Сонда осындай қызметтемін. Палатадан орын тауып бермейсіздер ме, өтініш? Дəрігерлер де дұрыс қарамай жатыр" десе, "Мына бомж "Мəскеуде тұрам" дейді. Мұны қоқыстың қасынан əкелген. Мəскеуді түсінде көрген ғой. "Жақсы қызметтемін" дейді. Хи-хи" деп дəрігерлер апайды мазақ етіпті. Апай телефон тауып, Денсаулық сақтау министрімен сөйлеседі. Естуімше, министр аурухананың бас дəрігерін, орынбасарын сол сəтте орнынан алып тастайды.

Мойындайық, мойындамайық, адамды киіммен қабылдау, қызметімен қабылдау біздің қоғамның трагедиясы.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30