Сен тұр - мен айтайын!

АДАМГЕРШІЛІК пен АДАМ ҚҰНЫ

  • АДАМГЕРШІЛІК пен АДАМ ҚҰНЫ

    АДАМГЕРШІЛІК пен АДАМ ҚҰНЫ

Kanal D телеарнасынан жаңалықтар көріп отырмын. Түнде жер сілкінісі болған аймаққа бүгін таңертең Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған барды. Үш баласымен бірге көз жұмған ананың жаназасына қатысты. Халықты сабырға шақырып, көңіл айтты.

Жер сілкінгеннен кейін Елазығ деген жерге Денсаулық сақтау министрі, Ішкі істер министрі мен Қоршаған ортаны қорғау министрі барып, жағдайды өз көзімен көрді. Үш министр бірігіп баспасөз мәслихатын өткізіп жатқанда Жер тағы сілкінді. 4,4 балл. Оның алдында 6,8 балл болған еді. Зардап шеккен халық министрлерге мұң шақты. Шенеуніктер олардың шағымын тыңдады. Жер сілкінісінен 20 адам қаза тапқан, мыңнан астам адам әртүрлі деңгейде жараланған.
Таңғалатын түгі жоқ негізі. Халықтың салығы есебінен күн көріп отырған президент те, Министрлер кабинетінің мүшелері де халыққа қызмет етуге және қайғы мен қуанышта қастарында болуға міндетті. Айтпағым басқа. Өткенде БекЭйрдің ұшағы құлағанда апат орнына президент барған жоқ. Министрлер де төбе көрсетпеді. Баспасөз мәслихатын аурухананың Бас дәрігері, Алматы әуежайы мен БекЭйрдің өкілдері өткізді. Тұшымды жауап та болған жоқ маңызды сұрақтарға.
Жай... әншейін... Қазақстандағы азаматтардың құқығы, адамдардың құны туралы ойландым тағы да...

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

сенбі, 25.01.2020, 23:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30