Сен тұр - мен айтайын!

Адамның бәрі белгісіз бір бақытты қуып жүріп өзі мәңгілік бақытсыздықтан шыға алмайды

  • Адамның бәрі белгісіз бір бақытты қуып жүріп өзі мәңгілік бақытсыздықтан шыға алмайды

    Адамның бәрі белгісіз бір бақытты қуып жүріп өзі мәңгілік бақытсыздықтан шыға алмайды

Бақыт қайда?
Балмұздақ жеп, аққайнардан сімір, мандаринді қалағаныңша же... Көңілің қалап тұрса, жоқ деме...
Сәті түскен сапарға шық, тек барғың келген жерге бар.
Іштегі қатып қалған, үнемі жақсы баға алсам деп күтетін озат оқушыны босаңсыт, тек мақтау естігенде ғана өмір сүретін шектеулі санаңды еркіне қой...

Тәніңді жақсы көр, оны ешкіммен салыстырма. Ең жарқын майкаңды ки. Ел не айтады деп уайымдамай, ашық түсті сарафанды алаңдамай киіп ал. Ел саған не жарасатынын, қай киім көңіліңді көтеретінін шешпесін.
Өзіңе сен. Өз таңдауыңа сен. Ақыл айтқыш нөкерлерді жұмыстан шығар. Шындап келгенде солар өзіне джинсыдан басқа ештеңе таңдай да алмауы мүмкін. Адам таңдауды солар қайдан білсін?
Сені ұмытқандарды ұмыт. Кек алу үшін емес. Тек уақытың мен өзіңді құрметтегеннен. Уақыт тым аз. Оны өмірдің келесі парағындағы әлдекімге арнап сақтай берме.
Жаным ауырады деген қорқынышты қоқысқа тастап дағдылан. Өмірді сезініп үйрен.
Жан дерті деген өмірдің дәмі ғой...
Ажалдан қорқу – сезімнен бас тарту... Көрге түспей өлінің күйін кешпе.
Өзгенің еркін шекарасын аттамастай азат ойлы бол.
Өзгенің өмірін тексеріп, бақыламастай өз өміріңе мейлінше ден қой.
Осылай болса, жақсы еді. Бірақ бұл бұйрық емес. Бұл сауал.
Солай болсын ба, жоқ па деп осындағы әр сөйлемнің соңына қойып, өзіңнен сұрап шық.
Бұл мүмкіндік пе, әлде жоқ па? Ұнай ма, ұнамады ма?
Дүние жарысқа түскенде елдің бәрін басып озсам деген ойында жеңіп шығуға қатты аңсарымыз ауады.
Бала күннен бастап өзгенің дегенінен шығуға, өзгенің үмітін ақтауға, өзгенің күткенін алдынан келтіруге тәрбиелендік. Ешкімнің көңілін қалдырмауға тырыстық. Соның салдарынан адам біткеннің бәрі белгісіз бір бақытты қуып жүріп өзі мәңгілік бақытсыздықтан шыға алмайды.
Бақыт әр адамның жүрегінде. Оны басқа қайдан таппақсың?


©Лиля Град
Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 12:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30