Сен тұр - мен айтайын!

Адамның жаны - ойнайтын нәрсе емес

  • Адамның жаны - ойнайтын нәрсе емес

    Адамның жаны - ойнайтын нәрсе емес

 "Махаббат аффирмациясын" жаттағанша, дұға-сүрелерді жаттаңыз. Біріншісі - адамның ойлап тапқан маркетингтік жолға жақсы қойылған далбаса тірлігі. Екіншісі - адамзатқа Алладан түскен нығмет. Қаншама сауап аласыз, қаншама бәле-жаладан сақтанасыз! "Армандар картасын" түзгенше, Абайды оқып, қаншалықты "толық адам" екеніңізді саралаңыз. Абай сіз үшін күрделі болса, "Форрест Гамп" фильміндегі жақсы ойларды еске түсіріңіз. Басты кейіпкер:"Мен білмеймін, тағдыр бар ма, жоқ па, әлде бәрі біздің әрекетімізден құралған ба? Бірақ, менің ойымша, екеуі де болып жатқан сияқты"- дейді. Һарекет ету мәселесіне келгенде, қайтадан Абайға тірелесіз. "Армандар картасының" далбаса тірлік екені түсінікті болады, көзіңіз ашылады. Бұл картаны түзу қаншама мың еді? Әлгі пәтерге бергісіз шұлықтан қымбаттау деп естігем.

Ақшаңыз қалтаңызға сыймай бара жатса, садақа беріңіз. Бәлкім, құтыларсыз, бәлкім өміріңіз өзгерер... Бұлар күні кеше бір-екі психологиялық кітап оқып, оның мазмұнын елге шайнап беріп, арасында қате түсініктерді жайып, өздері түсінбесе де бір-екі сүре, бір-екі буддистік монахтың ұлағатты сөзін жариялап, бір-екі сайентологтың баю технологиясын бойға сіңіріп, елді шатастырып, адастырудың сұрауы болмайды деп ойлай ма? Кәсіби психологтар, психотерапевттер дабыл қағып отыр: псевдо-психологтардың, мотиваторлардың, коуч-тренерлердің кесірінен күйзеліске ұшыраған адамдар көбейіп жатыр екен. Адамның жаны - ойнайтын нәрсе емес. Баюды бақыт санайтындар әлі-ақ бұл ойының қателігін түсінер. Парламент те тезірек тиісті заңды қабылдап, үй, көлікті ұтысқа қойған заңсыз лотереяларға, гивтар мен марафондарға тыйым салуы керек. Айтпақшы, заңда тек лотерея сөзімен шектелуге болмайды. Бұл сөзден аттап өтудің түрлі айла-амалы бар. Мәселен, "мен гив өткіздім, лотерея емес" десем, құзырлы органдар тағы ойланып қалады. Заң керек, білім керек, әрекет керек! Трендтегі әртүрлі ханымдар мен бикештерді байытқанша, өзіңе ақша құйып, ой-өрісіңді кеңейт, біліміңді жетілдір. Ағылшынша үйрен, ел іші мен шетелді саяхатта. Тегін тілдік курстар елшіліктер мен консулдықтарда баршылық. Кітапханаларға барып, қаншама пайдалы кітапты оқуға болады. Тегін! Бұл біліміңді ешкім де сенен тартып ала алмайды. Ал байлық, мансап, атақ қызығатын нәрсе болмай қалды ғой.

.facebook.com парақшасынан




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 16:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30