Адамның жанында болудан артық қандай жақсылық бар, жалпы?

24 шілде 2021, 10:16

Адамды ең үлкен азапқа салатын нәрсе - уақыт. Барлық сұрақтардың бір ғана жауабы бар, ол да - уақыт. Біз барлық кезде барлық жерде болғымыз келеді: бірақ кеңістік пен уақыт заңдарына бағынатындықтан бізге түсініксіз дүлей күшпен бетпе-бет қаламыз.
Ұзақ жылдар көрмеген жақыныңызды көрсеңіз, жылайсыз. Сіз жоқта бүтін өмір өтіп кетіпті деп жылайсыз. Жаңа әжімдер, жанарындағы жаңа қатқылдық, бұрын болмаған шаршаңқылық сіздің жаныңызды жаралайды. Уақыт сізді жылатқан. Осы уақыттың бәрінде оның жанында болсаңыз бұлай ауыр тимес еді.
Өзіңізге қымбат жандардың бәрінің жанында бір мезетте, барлық мезетте бола алмайсыз. Уақыттың/өмірдің дүлей күші сізді жұлып алып басқа жаққа әкетіп барады. Жаңқа құрлы дәрмен жоқ, зулайсыз. Ең үлкен азап та осы.
Біз өзіміз білетін, жақсы көретін нәрсеміздің бәрінен ажыраймыз. Ол тек matter of time. Ал жақсы көретін жандарға жанында болудан басқа не жақсылық істей аламыз? Адамның жанында болудан артық қандай жақсылық бар, жалпы?
(Like Stories of Old арнасының бір дәрісінен кейін туған ой).

facebook.com парақшасынан