Сен тұр - мен айтайын!

Администратор семіз әйел айқайлағанда "не істеп жүрмін мен мұнда " - деп налисың

  • Администратор семіз әйел айқайлағанда

    Администратор семіз әйел айқайлағанда "не істеп жүрмін мен мұнда " - деп налисың

МЕН ДЕ ОФИЦИАНТ БОЛҒАНМЫН

2007 жылдары һәм студент, һәм жұмыс істейтінмін. Бір күні ойламаған жерден жұмыстан шығып кеттім.
"Іздеушісі жоқ! "- деген болуы керек, қысқасы шығарып жіберді. Айдаладағы ауданда кімге не істей аласың?
Таныс жоқ, тамыр жоқ, бастан сипайтын жақының табалап, теріс айналғанда одан өткен қорлық болмайды екен. Көмек беретін әке-шеше төсек тартып жатты.

Оқудың ақшасын төлеу керек. Жатпай-тұрмай, ешкімге жексұрын болмай, жұмыс істеу керек болды. Тойханалардың біріне официант болып орналастым. Күндікке қарның тоқ жүреді, кешкісін қалған-құтқан тамақты үйге алып қайтамыз ол жақсы бірақ, официант болу оңай емес. Дастарханды төсеу мен жеміс-жейдек, ет-петтерді стол үстіне үйлестіре қоюдың өзі үлкен өнер.
Қош сонымен, тойға келгендерге қызмет көрсетумен қатар, олардың ішіп-тышқанын тазалау да міндетімізге кіріп, күндер өтіп жатты. Администратор семіз әйел жеті атаңды түгендеп айқайлағанда о мама не могу "не істеп жүрмін мен мұнда " - деп налисың.
Ылдым-жылдым пысық та емеспін. Келген қонақтардың үстіне әкеле жатқан сорпаны төгіп, сорым қайнай жаздаған. "Сүрте салайын" - деп әлек болатын мен емес. Пәтерде бірге тұратын өзбек қыздарынан әдемі тәсіл үйреніп алғанмын. Тойға келгендердің әртіс көйлегін аймандай қылып бүлдіріп аламын да, қолымды кеудеме қойып "Айып етпеңізші, байқамай қалдым" - деп жымиямын. "Ештеңе етпейді байқамай қалдың ғой! - дейді олар да. Олақтығым сонша қолымдағы ұстағанымды құлатып алып, талай ыдыс сындырдым. Алара қараған администратор адсий әйелге лыпылдап "Олжа келе жатыр, бүгін сізде қуаныш болады екен " - деймін.
Баста "хәә мәйлі әумин" - деуші еді, кейін құнын төлеткен соң, өзім де ыдыс сындырмайтын болдым. Официант болсаң, талай қызықтың куәсі боласың. Әйелдері мен еркектері бөлек отыратын, әйел мен әйел, еркек пен еркек билейтін ұлттар болады екен. Пакетке салып алу ерунда, ішімдік ішкенде "зонтик" қылып ішетін "іскер" азаматтарды да көріп жағамызды ұстағанбыз.
Бәрінен бұрын, столға қойылған бүтін грильді "турап әкеліп берші" - дегенде шіркін піскен тауықты бір бөлмеге кіргізіп алып, жартысын ауызға бұралақтата тығып, қалғанын турап әкеліп беретінім-ай.
Столда отырғанның бірі "Мына тауықтың аяғы қайда?" - дегенде аузым-май-май болып, "білмеймін" - деп иықты қиқаң еткіздім ғой).
Соңында жалықтым, шаршадым кейін Алматыға құрылыс істеуге кетіп қалдым.
Енді қашан әкім боларым белгісіз)

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31