Сен тұр - мен айтайын!

Ағаларымыз "арам өлген" сиыр-қойдың бәрін ХАЛАЛ цехтарға өткізіп жіберетін

  • Ағаларымыз

    Ағаларымыз "арам өлген" сиыр-қойдың бәрін ХАЛАЛ цехтарға өткізіп жіберетін

Шыны керек, мұсылманбыз деп тек ХАЛАЛ деген жазуы бар өнімдерді жейміз. Иә, кезінде Халал колбасалар таза болған шығар. Ал бүгін ше? Бүгін кез-келген компания шығарып отырған өнімдердің сыртына ХАЛАЛ деп бадырайтып қояды (жылдам сатылу үшін). Бұл жазуды көрген қарапайым тұтынушылар ойланбастан ала салады. Ал, осы өнімдерді тексеріп жатқан біреу бар ма? Әрине жоқ. "Жоғары жаққа" тиынын берсең болды, лицензияңды ала бер. Бұрындары малмен айналысып жүрген, бір ағаларымыз да "арам өлген" сиыр-қойдың бәрін осындай ХАЛАЛ цехтарға өткізіп жіберетін. Сол жылдары "мусылманский" ШҰЖЫҚ шығаратын фабрикаға кіріп көрдім. Сасып кеткен малдың иісі мүңкіп тұр. Ешқандай тазалық нормалары сақталмаған. Ішінде "противогазбен" ғана жүресің. Онсыз болмайды, невозможна дем алу. Үлкееееен (біздің тайқазан сияқты) бачек тұр. Мясарубка ғо. Өліп қалған сиырларды кран сияқты техникамен көтеріп әкеліп, терісін сылмай-ақ ішіне тастай береді екен. Жаңағы мясарубканың аузына тышқандар жиналып алған. Тышқан дегенде де, дәу-дәу крысалар. Кейбірі етпен бірге қазанға құлап кетіп жатыр. Құрысын мұны көргесін амалсыз құсып жібердім. Содан бері ХАЛАЛ тұрмақ Пайғамбардың аты жазылып тұрса да, "халал" деген өнімдерді мүлдем жемейтін болдым. Так что ХАЛАЛ тамақтың 99,9 пайызы өтірік... Кім білсін, осыған дейін не жегенімізді. Арасында шошқа тұрмақ, адамның еті болса да таң қалмаймын. Сұрақ: Ал сіздің ХАЛАЛ өнімдерге деген көзқарасыңыз қалай?

Жан Ахмадиев
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2139    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 10:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31