Сен тұр - мен айтайын!

Ағайынгершіліктен алыстап барамыз

  • Ағайынгершіліктен алыстап барамыз

    Ағайынгершіліктен алыстап барамыз

 Біздің Шымкент берекелі қала ғой негізі. Азық түлік өнімдері арзан. Халықтың көп бөлігі ауылдарда егін, мал шаруашылығымен айналысады. Сонда да өзіміздің қазақтардың кедейі өте көп. Малосемейка, жатақхана жағалап өмір сүріп жүргендердің бәрі өзіміздің қазақ. Бір өзбек, бір түрік ондай тар бөлмеде амал жоқ жүргенін көрмедім. Өзбектер еңбекқор ұлт қой. Орыстардың дені бақуат. Қос қостан квартиралары бар. Артық ақша қолына түссе, саяхаттап қыдырады да жүреді.Проблема жоқ оларда.

Жатақхана паналап жүрген қазақтардың дені ажырасқандар. Мектепте оқитын бір не екі баласы бар әйелдер. Аз айлыққа жалданып істейтін жұмысшылар. Ішетін, ешкіммен сыйыса алмайтын жалғызбасты ер кісілердің де панасы жатақхана. Қайбір күні Айжан деген бір әйелдің жатақханадағы бөлмесіне барғанбыз. Тиын тебен тауып, күнін әрең көріп жүр өзі. Күйеуі тастап кеткен, ешкімі жоқ, жалғызбасты, өзінің басы көп ауыратын аурушаң әйел негізі. Ол қателеспесем туылғаннан басы ауыратын әйел. Сол аурушаңдығы салдарынан қатарынан да қалып қойған, ақылы да толыспаған. Бұрын бір естігенім бар еді. Не күйеуі, не әйелі дуаланған болса, олардан туған баланың басы ауру болады деп. Бәрі де мүмкін.

Бұрындары деймін да, біздің қазақ қарға тамырлы еді ғой. Әрбір әулеттің бір төресі өз ішіндегі ағайындарына ие болатын. Осы Айжан сияқты әлсізін бір әулеттің мықтысы ортаға алып, оны далада қалдырмаудың қамын ойлаушы еді ғой. Намыс деген қайнап тұратын. Әулеттің қамын ойлайтын. Басқа әулеттер алдында жер болмауды көздейтін. Обал сауапты ойлайтын. Ал қәзір ше? Қәзір ағайынгершіліктен алыстап барамыз. Туған бауыры көмектеспейтін тасбауыр заман. Айжанның әке шешесі бар ма жоқ па, аға бауырлары ма жоқ па сұрамадым. Жоқ болуы мүмкін емес. Ол да бір әулеттен шықты ғой. Демек, оны ,,өз күніңді өзің көр,, деп қалаға айдап жіберген. Амал жоқ жүр.

Хадисте айтушы еді ,,Әлсіздер күштілерге берілген Алланың Аманаты,, деп. Әлсіздерін тастамайтын баяғы қазақы жанашыр дүниетаным да жоқ қәзір. Обалы кімге?


.facebook.com




Көрілген: 1499    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.12.2018, 20:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30