Сен тұр - мен айтайын!

АГЕНТ немесе ПСИХОЛОГ ЖІГІТ

  • АГЕНТ немесе ПСИХОЛОГ ЖІГІТ

    АГЕНТ немесе ПСИХОЛОГ ЖІГІТ

Осындағы достарым агенттің кезіндегі қызықтарын жазып, керемет естеліктерімен бөлісіп жатыр екен .

Мен де басымнан өткен қызыты бір оқиғаны баяндап берейін.


Біз агентте таныстық. Суретіне қарасам тәп-тәуір жігіт. Есімінің жанына "Психолог" деген атауды қосып жазып қойыпты.

Басымды тауға да, тасқа да соғып жүрген мен үшін психологтың жәрдемі шынында да керек еді. Тәп-тәуір сыпайы жан екен. Тез сөйлесе кеттік.

Әнгімеміз жараса келе, телефон номер ауысып, телефонда байланыс орната бастадық. Қызық болғанда біздің ауданның тұрғыны болып шықты. Күнде мың рет жазып, арасында бірнеше мәрте қоңыраулатып, жағдайымды сұрап тұрады. Кездесейік деп уағдаласқанымен, соның еш сәті түспей, уақытты біраз созып жүріп алдық.

ПСИХОЛОГ атауының өзі керемет. Арасында психологиялық көмек сұраймын. Десе де, көп оқығаннан көрі, көп көргеннің ақылы анағұрлым артығырақ екен. Берген ақыл-кеңестерін давно орындап, тізесін шығарып тастағанмын. ӘСер жоқ. Сонда да әлгінің шын ниетмен берген кеңесіне "Керемет" деймін де қоямын.

Кездесейік дейді, кездесе алмаймыз. Ұялыңқырап жүрдік пе білмеймін , осылай тормазить етіп жүргенде арада бір жылдай уақыт өтіп кетті. Сол қоңырау, сол жазысу. Не махаббат , не кездесу жоқ, жай әнгімелесудің тұзы кетіп, мән-мағынасы жоғала бастады. Көкейтесті бір арман сонша уақыт сөйлестік.

Өзінің түрін өмірде бір көрсем болды! - деген ғана еді. .

Бәрібір сәті түспеді.

Сөйтіп жүргенде әлгім звондап, өзінің Каспий банкте екенін, онда адамның тым көп екенін, кезек күтіп тұрғанын айтып қоңыраулатып қалды. Еее, дедім де қойдым. Әлден соң, менің де кредит төлеу керек екенім есіме түсіп, оған ескертпестен банкке қарай құстай ұштым. Барсам, терминалдың жанында әлгі жігіт тұр екен. Бойы кішілеу ме қалай өзі?

Келе сала "Терминалға соңы кім? " деп қоямын. . Әлгі мен деп жауап берді. Танып тұрған жоқ.

"Терминал арқылы ақша төлей алмаушы едім, сіз көмектесіп жібересіз бе? "

Өтініш жасап, жеке куәлігімді ұсындым. Ол әлде де дымды ұққан жоқ. Куәліктегі Салтанат Абылбекова -деген жазуды дауыстап оқыды да, төлеп, куәлігімді қайта ұсынды.

Ішімнен мынау қандай психолог өзі? ~ қызық екен деймін. Ол сон-соң кассаның алдына барып кезек күтті . Артқа қарап, телефон шұқылап тұр екен. Жаймен қасына барып, өзін сырттай әбден сынадым., бойымды салыстырдым. Күлкім келіп өліп барады.Ол телефонын түрткілеген күйі орындықтардың біріне жайғаса кетті. Тентектігім ұстап, оған қарама-қарсы орындыққа отырып алдым. Таныған жоқ. Жанына барып отырдым, бәрібір танымады.

Агентке кіріп әлгіге "Банктесіз бе? " деп жазып жібердім.

Ол "иә сондамын" деп жауап беріп жатыр. Қолымдағы блокнотпен бетімді басып тұрып күлемін.

Күле беруге жан-жағымнан ыңғайсызданып, көшеге шығып кеттім.

Қой құрысын! Почтадағы біраз шаруаны бітірейін. Танымаса қойсын тормоз!

Араға жарты сағат уақыт салып, ол тағы да хабарласты. Банктегі шаруасын бітіріп,

үйіне қайтып бара жатқанын айтты Сол кезде барып жарылдым. Бәрін айтып бердІм. Қатты ұялды. Кетіп бара жатқан жерінен кері қайтып, сол жердегі кафелердің біріне шайға шақырды.

Әншейін телефонда батыр екенбіз. Шай үстінде ұялғаннан біріміз шайымызды төгіп алсақ, біріміз қасығымызды қайта-қайта түсіріп алып отырдық.

Ол Бакеңмен бүгінде фейсбукте де доспыз. Баяғыдай смс алмасу жоқ. Ара -тұра жағдай сұрап, көшеде көргенде елпілдеп амандасып, анда-санда жазбаларыма пікір жазып тұрады)

Баке оқып отырсаңыз ренжімеңіз)))


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.09.2019, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31