Сен тұр - мен айтайын!

Ах оңбаған үйде күйеумнің жоғын пайдаланып, істеп тұрғанын қара

  • Ах оңбаған үйде күйеумнің жоғын пайдаланып,  істеп тұрғанын қара

    Ах оңбаған үйде күйеумнің жоғын пайдаланып, істеп тұрғанын қара

Аку кесетінді демалыс күніне шақыр десем, жұмыс күніне шақыртып әбігерге салып қойды үйдегі.

 

-Неге өйттің? -дегенді тыңдайтын еркек пе? Өзің реттерсің-деп, өзі тайып тұрды.

 

Молда да пысық екен. Таң ертемен келіп алыпты. Былтыр "әлі дайын емес" деп кеспей кеткен.

 

Әлден соң, келесі бөлмеде қорқып, тақым қысып отырған мені шақырып алды өзіне. Есіктен сығалап қарап тұрған маған көзін қайта-қайта қысып

 

"Балаңыздың акуын кеспейтін болдым " -дей берді.

 

Неге ? Неге кеспейсіз? Ол ыржиып күліп алды да, тағы да көзін маргает ете бастады.

 

Ой деген жүйрік қой! Не ойға бармадым деші?

 

-Ах оңбаған үйде күйеумнің жоғын пайдаланып, істеп тұрғанын қара. Жұмысын бітіріп, тыныш қана кетсе болады ғой! Аңқау елге арамза молда деген...

 

Әй бірақ не деп көз қысады , бәлки нерв жүйелері суықтаған болар . Неврапатологқа көрінсе қайтеді? - дейді бір ойым.
СөйтІп, өз-өзіме көп алып тұрсам, бұл ешқандай да қырындау не суықтау емес, жай ғана молданың баланы алдарқату тәсілі екен. Кеспеймін деп сендіріп, кесіп тастады.

 

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 8192    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.08.2020, 17:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30