Сен тұр - мен айтайын!

"Ахрана" мен "шабашка" қазақтың маңдайына жазып қойған мамандық емес шығар?

  • "Ахрана" мен "шабашка" қазақтың маңдайына жазып қойған мамандық емес шығар?

 Былай ғой. Көктем жақындап қалды. Енді елдегі кафе~ресторандар жаппай аспаз, кәуапшылар іздестіре бастайды. Демалыс орындары, санаторилер ашылып, қаншама жұмыс орындарына сұраныс көбейеді. Бурабай, Балқаш, Алакөл, Каспий көктемнен бастап кәсіби мамандарды жанталасып іздейтін болады. Сандалып бос жүрген іні-қарындастарыңды неге сондай жұмысқа бейімдемейсіздер? Қолынан іс келер аспаз-кәуапшылар көктемнен қара күзге дейін қанша табатынын білесіздер ме? Жыл сайын қыруар қаражатты өзбек-әзербайжандар елдеріне әкететінін сезсеңіздер ғой, сіздердің де дөттеріңіз менің дөтімдей удай ашитын еді. Жалған намысты былай ысырып қойып, ебі бар балаларды қазірден бастап оқытып алыңыздар.

Әттең, өзім қысқа курс ашып, тегін-ақ қазақ балаларын үйретер едім. Бірақ оған қазір жағдай жоқ, жүрген жерімде қожайындар ұлықсат бермейді. Ол үшін бір қазаққа жаныашыр ресторан немесе кафе қожайыны болса ғой. Сонда қолға алуға болар еді.
Бірақ Еркіннің қолы қысқа екен деп қарап отырмаңыздар. Үлкен қалаларда қанша мейрамханалар, кафелер бар. Хабарландыруды қарап отырсаңыздар, жұмыс өтілі болмаса да, қабылдайтын жерлер көп. Бір кіріп алса, қолының икемі бар жан әрі қарай алып әкетеді. Ең оңайы пиццамейкер, сушишы, кәуапшыдан бастау. Ары қарай аспаз болу да қиын емес.
Солай ағайын. Ахрана мен шабашка қазақтың маңдайына жазып қойған мамандық емес шығар? Елдегі бүкіл кафені жатжұрттықтарға беріп қойдық. Енді қайта қолға алар кез келді. Бұл тектес ойымды әлі талай жазамын. Қазақтың санасын өзгертуді жәймендеп бастауды жөн көрдім.

facebook.com




Көрілген: 1314    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 16:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30