Сен тұр - мен айтайын!

Әже-аналарымыз, үйдің ғана емес, ұлттың да қазығы еді. Қазығымыз босапты...

  • Әже-аналарымыз, үйдің ғана емес, ұлттың да қазығы еді. Қазығымыз босапты...

    Әже-аналарымыз, үйдің ғана емес, ұлттың да қазығы еді. Қазығымыз босапты...

ҚАЗЫҚ


Бала күнімде қайтыс болған нағашы апамыздың жүзіне бардық. Біраз жол жүріп барғасын, қарным ашып қалған екен, шешемнің қасында тамақты соғып отырмын. Оным жиналғандар арасында әжептәуір әңгіме болды.

Жасы келіп қайтқан адам, оның үсті жүзіне дейін де біраз көңіл суыған шығар, әйтеуір, жұрт емен-жарқын әңгімеге көшкен. Көп сөйлемейтін шешем де жадырап, жұрттың әңгімесін ықыластана тыңдап отыр.

Кенет ауызғы бөлмеден жоқтау естілді. Демек, жаңа біреу келген. Сәлден соң басылып, Құран оқылды. Жаңадан келгендер біз отырған бөлмеге келіп кірді. Қасында абысыны бар жас келіншектің төбесі көрінген сәтте манадан бері төрде есіле сөйлеп отырған келісті кейуана кенет жиырыла қалды. Жұрт та соның ыңғайына жығыла кеткендей үнсіз еді. Жас келіншек амандасқысы келіп ұмтыла беріп еді, кейуана шаңқ ете қалды: «Түрің құрсын, кет». Қолын соза берген келіншек не істерін білмей жан-жағына қарайды. «Шешей-ау, іштен шыққан шұбар жыланың ғой, ең болмаса, сәлемін алсайшы», — деді бір әйел шыдамай. «Жоқ, — дейді кейуана тістеніп, — мен үшін ол — шіріген жұмыртқа. Ұялмай келіп тұрғанын қарашы жүзіқараның». «Апа, — деді келіншек қыстыға сөйлеп, — кешірші, апа-оу». Кейуана қанын ішіне тартып сұрлана қалды. Кенет келіншек еңіреп жылап жіберді де, жүгіріп шығып кетті.

Сол-ақ екен, өлі тыныштық орнады. Біреу әңгіме бастайды да, үзіліп қала береді. Жаңа ғана маған «Ырсымбетпін десең, тай мінгіземіз» (Ырсымбет — Шектінің Жанқылышынан тарайтын ру, — Б.Б) деп желпініп отырған нағашыларым апалары бүгін өлгендей түнерді де қалды.

Сөйтсем, әңгіме былай екен. Жаңағы келіншек әлгі кейуананың қызы боп шықты. Атастырып қойған жеріне бармай, қашып кеткен. Қашқанда да қазақ емес, өзбек жігітінің етегінен ұстапты. Ол кезде қазақ бұл мәселеге қатты қарайтын. Бір-бірімен етене араласып отырса да, қазекең өзағасына қыз беруге қарсы еді. Олардан келін алып жатса да, бір дүрлігіп барып басылатын.

...Мына қыз кетіп қалған. Әке-шешесі соңынан бармапты. Тіпті араласпауға бекінген. «Енді одан туған бала өзбек болады. Өзі сол елдің адамына айналады. Байғұс қыз, әлі ештеңе сезінбейді ғой...», — деді шешем, неге-негенің астына алған маған қарап. — Бата бұзған адам оңбайды..., — деді сосын күрсініп, — е, Құдай, өзің кешіре гөр...».

...Өткенде бір қызымыз қара ұлға тигенде, той үстінде мәз-майрам болып жатқан жұртты көргенде осы оқиға есіме түсті. «Бақытты болсын», «Әрбір қыз бақытты болуға лайықты» — деп жатқандардың дені қыз-келіншектер екен. Ішінде өзім сыйлайтын қарындастарым да бар. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осындай некені құптайтын дүниелер көбейіп барады. Демек, біздің діліміз жеңілді деген сөз. «Еркекке сенгенше, екі босағаңа сен» дейтін әже-аналарымыз, үйдің ғана емес, ұлттың да қазығы еді. Қазығымыз босапты...

Кім кінәлі? Әрине, біз, еркектер кінәліміз. «Қатыныңа ие бол!» — деген сөзге ашуланамыз тағы...


Бауыржан Бабажанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1481    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.08.2019, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31