Сен тұр - мен айтайын!

Әжетханадағы апайдан, парковщик жігіттерден 100 теңгелеріңді аямаңдаршы, бауырлар!

  • Әжетханадағы апайдан, парковщик жігіттерден 100 теңгелеріңді аямаңдаршы, бауырлар!

    Әжетханадағы апайдан, парковщик жігіттерден 100 теңгелеріңді аямаңдаршы, бауырлар!

Осыны жазсам ба, жазбасам ба деп он ойланып, ақырында жазайын дедім. Абай мен Алтынсариннің қиылысындағы «Тағамнан» тамақ ішіп, сыртқа шығып бара жатқам. Бір қымбат мәшине мінген жігіт джипіне отырғалы жатыр екен, парковщик бала одан күнде алып жүрген ақысын сұрап еді, джиптің орыстілділеу иесі оған: «Бля, я же только что приехал. Не менен ақша сұрап тұрсың?» деп боқтап кеп жіберді. Ауылдан келген жап-жас бала екен. Әлгі сөзден кейін жәутеңдеп, кәдімгідей жасып қалды. Одан жүз теңгесін аяған оңбаған мәшинесіне отырды да, зу етіп кетті де қалды. Жаным ашып, баланың қасына жақындап келдім де, бүй дедім:
- Бауырым, басыңда кредитің бар ма?
- Жоқ, неге сұрадыңыз, аға?
- Онда сен бақытты екенсің!
- Ана жігіт мәшинесін кредитке алуы мүмкін ғой. Әйелімен ажырасып, проблема болып жатуы мүмкін. Ақшасын ұрлықпен тауып, енді жанын қоярға жер таппай, соған ашуланып жүрген, өмірі быт-шыт болған біреу болуы да мүмкін. Сен оның қасында бақыттысың! Мә, 200 теңге! Оған ренжімей-ақ қой, қайтесің. Ол да өзің сияқты бір қазақ. Қазақ қазаққа ренжімеуі керек. Жұмысыңды алаңсыз істей бер, оған ренжіме!
Айдаладағы біреу осыншалықты ағалық қамқорлық көрсетіп, арқамнан қағып, жылы сөз айтады деп ойламады-ау, парковщик баланың көзі жыпылық-жыпылық етіп, көзінде үміт оты пайда болып, қуанып қалды, байқұс. Оның қуанған, рухтанған түрін көріп, қазақтың жасып қалған бір баласының көңілін көтеріп кеткен өзіме риза болдым. Әжетханадағы апайдан, парковщик жігіттерден 100 теңгелеріңді аямаңдаршы, бауырлар!

27 ақпан 2019 ж. 

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1924    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 08:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31