Сен тұр - мен айтайын!

Әкені сыйлау үшін осындай қарапайым ғана дүниелерден бастау керек

  • Әкені сыйлау үшін осындай қарапайым ғана дүниелерден бастау керек

    Әкені сыйлау үшін осындай қарапайым ғана дүниелерден бастау керек

ҰЛЖАННЫҢ ДАНАЛЫҒЫ БІЗГЕ ҮЛГІ «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» дегендей бүгінгі күнде әке қадірі, әке беделі қоғамда дұрыс бағытталып жүр ме деген ойда қаламын кейде. Неге дейсіз бе? Себебі, әкені жуас, өз ойы жоқ етіп көрсететін әзіл бағдарламаларында әке рөлі өінішке орай айбынды емес керісінше жаңа айтқандай жасық етіп көрсетіледі біздің бір отандық арнада... Ал, сондай бағдарламаларды көріп өскен балалар әке бейнесін  солай бағалап, әке беделінін қаншалықты зор екенін түсінбей жатады. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен де өз басым сондай оқиғаларды көргеннен кейін қоғамда әке беделі  әлі де дұрыс дәріптелмей жүр деген ой түйдім. «Абай жолы»  эпопеясына үнілсек.... Міне, сол туындыда Абайдың туған үйіне оқуынан демалысқа келген кезінде амандасайын деп бірден анасы Ұлжан жаққа жүгіреді. Бірақ, қаншама ай баласын көрмеген абзал ана Ұлжан «Абай, бірінші әкеңмен амандас» деп Абайды әкесіне беттеді. Осылайша, Абай әкесімен амандасып, кейін барлық жақындарымен хал сұрасады. Міне, осы көріністің өзінде Ұлжанның даналығын көреміз. Азаматын сыйлаған Ұлжан Абайға осылайша әке қадірін ұқтырды деп ойлаймын. Міне, әкені сыйлау үшін осындай қарапайым ғана дүниелерден бастау керек. Ал, біз осы даналықты Ұлжаннан үйренсек жаман болмаспыз.

Назгуль Макжан
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 




Көрілген: 1446    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 12:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31