Әкең тірі боп бас ұстасаң не болады?

28 қазан 2019, 11:15

Әкең тірі боп бас ұстасаң не болады? Түк болмайды, ұстай бер, - депті Қабатов күллі Қазақстанға. Дұрыс, келінінің кебісін атасы кисе де, ерінің көйлегінің жағасын басса да, парсы-арабтардай нанды таптаса да, тұзды шашса да, босағаны керсе де, атқа теріс мінсе де түк болмайды, аяғың сынып қалмайды. Моланың жанынан бет сипамай өтсең ата-баба аруағы көрден атып шығып соңыңнан қуа жөнелмейді, түсіңде де қорқытпайды. Тіпті, от пен суға шаптырып көрсінші, түк етпейді. Жәй, қазақ болудан қаласың, ол түк те емес қой...

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан