Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әкеңаудүссүгөйүн, бұлар қайдан келгендер?

18 желтоқсан 2022, 11:57

Fly Arystan әуе компаниясы бүгінгі күні халықтың, әсіресе, өнерпаздардың жүйкесіне тиіп, өнерді, өнер иесі өнерпазды, домбыраны қорлап болды. Домбыра үшін орын сатып алу, сынса жауап бермеу деген не сұмдық? Әлем елдері әуе компанияларының ішкі заңында мұндай бір де бір заң жоқ. Аспапты бұлай қорлау жоқ. Яғни, бұл қазақ ұлтын, елін, өнерін, өнерге байланған оның ділін қорлау үшін құрылған арнайы жобалық компания. Осы қақсап, зарлап, қанша айтылып жатыр. Парламент мінберінен де айтылды. Бұл неғылған дүмі мықты неме? Әлде біздің заң мен заң органдарының арты бос па? Мынаны тоқтататын уақыт жетті ғой, ҮКІМЕТ! Айдаладағы қаңғып келген қайдағы біреуге осынша неге басындырасыңдар? Қорлық қой мынау. Жанарбек — Жәке, мынаны тоқтататын уақыт жетті. Естіп , біліп, көріп отырсыңдар. Қолға алу керек қой. Енді тоқтамаса, тағы да "ебепке себеп" дейтіндей жағдайға ұласып кетпесін. Мен 18 желтоқсан күні Қарағандыға дәл осы үшін аспапсыз ұшып барам. Билет сатып алардан бұрын хабарласқанымда: менен де домбыра үшін бір орын сатып алуымды сұрады. Болмаса, багажға өткізу керек екенімді, егер сынса жауап бермейтіндерін айтты. Әкеңаудүссүгөйүн, бұлар қайдан келгендер?
Фейсбуктегі парақшасынан