Сен тұр - мен айтайын!

"Әкім бала қайда қарап отыр?" деп кінәлауға даяр тұрамыз...

  • "Әкім бала қайда қарап отыр?" деп кінәлауға даяр тұрамыз...

"Евразия" арнасында мемлекеттік қызметкердің әдебі тақырыбында бағдарлама жүріп жатыр. Онда мемлекеттік қызметкер боп жұмысқа орналасқан магистрант студенттердің жұмыстан тыс уақытта көңіл көтергендері видео арқылы тарап кеткені, соның салдарынан олардың оқудан шығарылғаны жөнінде айтылуда. Осы біз бір нәрсенің артына түссек, неге соңына дейін құртып тынуымыз керек. Кезінде ұстаз байқұстарға айтпағанымыз қалмады. Оларды сауатсыз дедік, жүйкесі жұқарған дедік, қоғамдық жұмыстардың бәріне жегіп, қолжаулыққа айналдырып алдық та, балаларымыздың болашағы осы ардақты мамандық иелерінің қолында екенін кеш түсініп, қайтадан беделін көтеру шараларын қолға ала бастадық. Бұл күнде керісінше мемлекеттік қызметкерлердің соңына шам алып түстік. Оларды жерден алып, жерге салып, беделін әбден түсіріп, елге қарабет етіп көрсетуге жанталасудамыз. Байқұстардың қалта телефонын тыңдап, кіммен не сөйлескені де көпке жария болуда. Мемлекеттік қызметкерден робот жасап алған да өзіміз. Олар тойға барса да спирттік ішімдік ішуге, билеуге, айқайлап күлуге болмайды. Әлеуметтік желіге жұмыстан тыс уақытта қайда жүргені, қыдырғаны, тіпті отбасымен түскен суреттері мен қайғы-қуаныштарымен де бөлісуге құқы жоқ. Ал егер мемлекеттік қызметкер шығармашылық адамы болса, соншама шектеулерден кейін табиғи дарынынан (ақындық, әншілік, жазушылық, биші, т.б) қол үзіп қалатыны сөзсіз. Ал еркіндік болмаған жерде адамның құлшыныспен өндіріп жұмыс жасамайтыны белгілі. Сол себепті де қазіргі уақытта мемлекеттік жұмысты "рақметі" жоқ жұмысқа теңеп, жастар оған барудан қашқақтайды. Сыбайлас жемқорлықты алға тартып, мемлекеттік қызметкерлердің барлығына топырақ шашуға болмайды. Ол жерде Сіз бен Біздің анамыз, ініміз, баламыз, әпке, сіңліміз, тіпті болмағанда туысқанымыз маңдай терін тамшылатып, абыроймен жұмыс жасап жатыр. Отбасын адал еңбегімен асырауда. Ит тістеп алса да, бір отбасы жеуге нан таппай отырса да, қар қалың жауса да, бақшасын көктемгі сел шайып кетсе де, ауласы қардан тазаланбай қалса да бірінші көмекке әкім келеді. Сөздің расы осы ғой. Өйтпеген күнде "Әкім бала қайда қарап отыр?" деп кінәлауға даяр тұрамыз. Әр нәрсенің шегі, өлшемі болатыны сияқты мемлекеттік қызметкерлерге күйе жағып, беделіне көпе-көрнеу нұқсан келтіре бермейік. Ұстаздар қауымы сияқты ертең олардың да өз қолымызбен түсірген беделін көтере алмай, неше түрлі заң шығарып жүрмейік.

Дина Хангельдиева
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.01.2020, 08:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30