Әкім-қаралар айтып жүрген hr_Process жүйесі қайда...

24 қараша 2022, 13:57

Министрден бастап, білім саласына жауапты барлық сатыдағы әкім-қаралар ауыздарын толтырып "Сыбайластыққа қарсы #панацея" деп айтып жүрген #hr_Process жүйесі қайда қалды?

 

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК

#Атамекен_бизнесс:

 

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бойынша тексеріс жүргізу нәтижесінде 1423 бос орын бойынша конкурс өткізілмегені анықталды. Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауреновтің айтуынша, тексеру жүргізілген мектептер жаңа оқу жылында 3855-тен астам маманды  жұмысқа қабылдаған.

 

"Конкурссыз Түркістан облысында - 122 мұғалім, Алматы облысында - 250 мұғалім, Жамбыл облысында - 169 мұғалім, Шымкент қаласында 134 мұғалім жұмысқа кірген. Бұл ретте заңсыздық орын алған Қарағанды, Қостанай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарын да атап кетуге болады", - деді Ернұр Дәуренов министрліктің аппарат жиынында.

 

Сондай-ақ, мұғалімдерді жұмысқа алу барысында конкурс ұйымдастыру талаптары сақталмаған. Ернұр Дәуреновтың дерегінше, хабарландыру уақытылы жарияланбаған, құжаттар толық тапсырылмаған және хаттамалары дұрыс толтырылмаған.

 

"944 педагогті жұмысқа бақылдау кезінде конкурсты ұйымдастыру тәртібі бұзылған. Аталған заңсыздықтар бойынша 558 мектеп директорына тәртіптік шара қабылданды және 17 директор жұмыстан босатылды", - деді спикер.

 

 

Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан