Әкімді мақтап пост жазуға қалай қарайсың?

31 қазан 2021, 00:13

Сыйласып жүрген бір жігіт "әкімді мақтап пост жазуға қалай қарайсың?",-деп қоңырау шалды.

 

Ұсыныс айтып тұрған азамат та мен сияқты журналист.

 

 "Реке, әр постыңа пәленше теңге алып отырасың. Нең кетті, келіссеңші, бауырым" деген сөзінен соң, өзім кейін хабарласатынымды айтып, тұтқаны қойдым да номерін контактілер тізімінен фук еткізіп өшіріп тастадым.

 

Дәл сол әріптестің осылай айтатыны - үш емес, отыз рет ұйықтасам да түсіме кірмейтін сияқты еді.

 

Әкім мен министрді жаманда демеймін. Бірақ  мақтай беруге де қарсымын. Олар тегін жұмыс істеп жатқан жоқ. Халыққа қызмет ету - міндеті бәрінің.

 

Өмірінің соңына дейін мамандығына адал болған Нұртілеу, Бейсен ағаларды сағынасың осындайда.

 

Өкінішті...

 

 

 

Руслан Жылқыбай

Фейсбуктегі парақшасынан