Сен тұр - мен айтайын!

Әкімдікке бұл мәселені тездетіп шешуді қолға алмаса болмайды...

  • Әкімдікке бұл мәселені тездетіп шешуді қолға алмаса болмайды...

    Әкімдікке бұл мәселені тездетіп шешуді қолға алмаса болмайды...

Ары тартып, бері тартып, қаладағы ескі үйлерді бұзу керек, бұзбау керек деп дауласып жатқанда, онсыз да әрең тұрған ол үйлер шетінен құлап та жатыр екен. Бүйте берсе, алдағы уақытта апатты жағдайда тұрған ондай үйдегі адамдар жазатайым мерт болуы мүмкін. Бір күні соған апарады. Біреуін өзім барып көрдім. Сонау соғыс жылдары салынған баспана. Ішіне кіріп едім, ағаштан жасалған баспалдағы сықырлап, қабырғасы сөгіліп әрең тұр. Енді бір бес жылға шыдай ма, шыдамай ма, ол жағы белгісіз. Шыдаған күннің өзінде де бір күні қирап қалуы мүмкін бұлар. Осы жақында ғана Бұқар жырау көшесіндегі 67-ші үйдің төбесі опырылып түсіпті. Құдай сақтап, қайта ешкім жапа шекпеген. Екі подьезі бар, 11 пәтері бар 1956 жылы салынған үй екен. Сонда тұратын Гүлниса апаймен сөйлестім. Ол кісінің айтуынша, үйді 2-3 жылда бұзып, орнына басқасын саламыз депті. Сөйтіп жүргенде төбесі опырылып құлаған. Қазір өздерін қонақ үйге апарып орналастырыпты. Ары қарай не болатыны белгісіз. Төбесі өзінен-өзі опырылып түсіп жатқан жерде тұру өте қауіпті. Ертең жер сілкінгенде не болады? Бір-ақ сәтте бауырластар зиратына айналып шыға келуі мүмкін. Айтпақшы, Алматыда осындай тұрғын үйлерді жөндеп, қалыпқа келтіретін арнайы бағдарлама жұмыс істей бастапты. Оған үлкен құрылыс компанияларын тартып жатыр екен. Самал-2 ықшамауданындағы ескі үйде тұратындардың қашан үйді кеп бұзады екен деп күткеніне екі жылдай болыпты. Ол жақта да ескі барактан аяқ алып жүре алмайсың. Соның кесірінен иелері пәтерін не жөндей алмай, не сата алмай отыр. Ыстық суы тағы жоқ. Әжетханасы далада тұр. Қаланың дәл ортасындағы жағдай бұл. Ешқандай мәдени, тарихи қүндылығы жоқ ескі барактарды бұзып, орнына халыққа жайлы жаңа пәтерлер салу қажет. Алматының күн санап өіп келе жатқанын ескерсек, бұл мәселені кейінге ысыра беруге болмайды. Тарихи ескерткіш дейтіндей, ол үйлер Рим мен Париждегі сияқты берісі 500, арысы мың жыл болған ғимараттар емес. Осыдан жүз-ақ жыл бұрын ғана салынып, әбден қаңсып тұрған, құлағалы тұрған, жаңаламаса болмайтын баспаналар. Қаланың орталығы мен төменгі жағында 1930-1950 жылдары салынған үйлер көп. Олар да ескіріп, жаңалауды қажет етіп тұр. Мұндай пәтерлер ары қарай тұра беруге жарамайды. Қалада қазір осындай тозып тұрған 1340 үй бар екен. Әкімдікке бұл мәселені тездетіп шешуді қолға алмаса болмайды...

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1950    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.06.2021, 09:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31