Сен тұр - мен айтайын!

Әкімдікке сенсек, батпаққа батып әлі жататын сияқтымыз...

  • Әкімдікке сенсек, батпаққа батып әлі жататын сияқтымыз...

    Әкімдікке сенсек, батпаққа батып әлі жататын сияқтымыз...

Ауылдың әкімі қайта звандады. "Қарлығааш свет жанды ма" деп, "рахмет" айтады деп ойлады-ау деймін. Ішімдегі шерді тарқаттым. Келесі апта келіп халыққа жағдайды түсіндіріп жиналыс ашатын болды.
Былтыр, бір топ адамды бастап алып, Іле ауданының әкімі Қарасаевқа кірген едім. Жол, су, жарық мәселесін айттық. Әкімнің өзі қабылдамады. Орынбасары қабылдап "смета" деген жарықтыққа енгізу керек, дегенінен-ақ жуырда тақтайдай тегіс жолмен жүре алмайтынымызды, бағасы арзан газбен қамтылмайтынымызды, бағасы арзан суды да пайдалана алмайтынымызды білдік. Білдік те өзіміз қарекет еттік.
Қоянқұсқа келген жылы жарықты 300 мың теңгеге өзіміз қалтамыздан ақша шығарып қостырдық. Үйдің қасына өзімізге жетерлік скважина қаздырып, үйге су кіргізгеніміз үшін таза 350 мың теңге кетті. Үйге газ кіргізгеніміз үшін 550 мың теңге кетті. 1 млн 200 мың теңгені осы жұмыстарға жібердік. Ал әкімдіктегілер газдандырдық, су кіргіздірттік, жол төселді деп есеп бергенде бәледей. Үкіметке көк тиын да салмақ салмадық. Жерді өзіміз қаражатамызға сатып алдық, үйді өз күшімізбен салдық, жаңағыдай инфрақұрылымды да өзіміз жасап алдық. Енді көршілер бірігіп жолды да өзіміз жасамасақ болмайтын тәрізді. Әкімдікке сенсек, батпаққа батып әлі жататын сияқтымыз.
Бұдан бөлек біз тұратын жердегі интернеттің жайы тіпті басқаша жыр. Егер жекелеген роутер сатып алып сол арқылы интернетті пайдалану мүмкіндігі болмағанда мына төтенше жағдайда шатырға шығып алып сабақ оқитындардың бірі біздің балалар болатын еді. Цифрландыру жүйесінің ақсап жатқанына алыстан факті іздемей, біздің жайды айта салуға болады.

Ең қызығы, осы бәленбай мыңға кіргізіп алған жарықтың зары тіпті өтті. Аптасына неше мәрте жарық сөнеді. Қит еткен жел тұрса бітті авария. Кеше тіпті "енді жарық сөнсе қосатын мотор сатып аламыз ба, қайтеміз" деп ойландық.
Бұрын да айтып едім ғой осы Қоянқұсқа ең алғаш көшіп келгенде көршілер айтатын "ой біздің жақ центр болады екен. Үлкен көпір түседі екен. Гипер-супер маркеттің барлығы салынады екен" деп. Әй білмеймін, бұл жақ центр болғанша, мен кемпір болатын болдым.
Еще кеше бір көршім "метро ашылады кейін осы жер жақсы болады" деп қояды. Бір жарық пен судың, жолдың жырын шеше алмай қаншама жыл жүргенде метроны армандау слишком қиял боп кететін шығар ә. Негізі Алматыдан бір-ақ қадам алыс тұрған барлықтарыңыздың ауылда осындай ма, әлде әкімдік айтпақшы бақыра беретін мен ғана ма?!

Карлыгаш Зарыкхановна
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 810    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 19:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31