Сен тұр - мен айтайын!

Әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі "Ыстық желі" ашылды" деп былжырап отыр!

  • Әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі

    Әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі "Ыстық желі" ашылды" деп былжырап отыр!

Оңтүстікті су басып, ел қайда қашып кетерін білмей отырса, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жетекшісі "Ыстық желі" ашылды" деп былжырап отыр! "Ыстық желі" дегені "Горячая линия" ғой. Оны сөзбе-сөз емес, мағынасына қарай "Шұғыл байланыс" деп аударса, елге де түсінікті шығар еді. Осындай ұсақ-түйектің тігісін жатқыза алмайтын облыстың қызметкерлері анандай апатқа қайдан дайын болсын? Кеше ғана осында өзеуреп, "алаңдамаңыздар, ешқандай қауіп жоқ" деп сайрап отырған. Ал бүгін апат мақтаралдықтардың үйіне кіргенде "ыстық желі ме, желін бе", сол пәлесін де төтенше жағдайға ыңғайлап, әріптесім Жазира Бегалы айтқандай төрт цифрмен құруға болар еді ғой. Жоқ! Бұлар бюрократияға құмар ғой. Алдымен 8, одан соң кодты тересіз. Сосын барып ұзын-сонар телефон нөмірін теруіңіз керек. Ал апатта шұғыл көмек керек жанның телефонында ақша жоқ болса, өле беруі керек пе? Неге теруге ыңғайлы әрі тегін нөмір жазылмаған?
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тырысып-ақ жатыр. Бірақ оның да еңбегін осындай "ыстық бюрократтар" жоққа шығарып жібереді ғой!

 

Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1408    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30