Әкімнің орынбасарында да уайым болады екен-ау
Бізде бірнеше күннен бері күн түнеріп тұр. Күннің жүзін ұмытып қалуға шақ тұрмыз. Қар жауды, жаңбыр да себеледі. Кеше орталықта ұнжырғасы түсіп жүрген бір көкеммен жолығып қалдым.
- Мына күн тағы да жаумақшы. Мақтамды әлі жинаған жоқ едім. Комбайн ауылда көп қой деп уайымсыз жүр ем, ол құрғыр да тиісетін емес, - деп маған біраз мұңын шаққандай болды. Жанымызда тағы біраз адамдар бар еді. Біреулері оны жұбатып, жігер берудің орнына лағып кетті.
- Құдай-ау, әкімнің орынбасарында да уайым болады екен-ау. Мақта егіп не керек саған? Айлығың, "левиың" жетпей ме? Одан да, мен сияқты жерді арендаға беріп тастап, ақшаны жеееп жата бер.
Мына әңгімесі маған ұнаған жоқ. Жаңағы әкімнің орынбасары "балаларым ақ саусақ болып өспесін" деп оларды мақтаның соңына салып қойған-ды. Әйтпесе, жерін біреуге арендаға бере салып, тып-тыныш жатуды ол білмейді емес.
Мықтыбек Оразтайұлы
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы