Нұрбот немесе оппозиционер блогерлерден ерекшелігім әлеуметтік желіден кез келген уақытта шығып кете аламын. Фейсбукта пост жазып күн көрмеймін. Ойыма не түссе соны жаза саламын. Қате болуы да мүмкін. Бірақ өз ойым.
Барлық айтқаным 100% дұрыс болса, мектеп бітіре сала ыдыс жусам да Америкаға таяр едім. Универде де Америкаға виза алып бармай қойған топастау адаммын.
Өткенде жұрттың бәрі Халық банкті мақтап кетті. Араларында ол банкті қолданбайтындар да бар. Мен отдуши жаздым. 1 адамға болса да пайдасы тисін деп.
Жұрттың бәрі жоқ автопромды ақшаға мақтады. Өмірлерінде машина айдамағандар да бар. Ол нәрсенің дұрыс еместігін айттым.
Ия сен блогерсің. Белгілі бір аудиторияң бар. Ол да еңбек және білім. Басқалардан қарағанда сені көп талқыласа демек сен басқалардан жоғарысың. Бірақ өмірдің бәрі ақша емес. Ақша ақша деп бір жерлеріңді сатып жібермейтін шығарсыңдар.
Кез келген блогерде принцип болу керек деп ойлаймын. Ұлтқа, тілге, мемлекетке зияны тиетін нәрсені аштан қалсаң да ақыға жазба.
Адамдар өмірде және әлеуметтік желіде бөлек болады екен. Ақшаға пост жазбаймын деген адамдардың ақша алатынын да білемін.
Бірде бір жазбадан Қытайдың Jac деген машинасы қалай деп біреу сұрады. 90% адамдар сол жерге тышып кетіпті. Араларында правасы жоқтар да бар. Өмірлерінде көлік айдамаған. Сол 90% адамның 95%-ы Jac-ты айдамағанына сенімдімін. Мен ол жақсы машина десем маған Қытайдан ақша алған құлсың деп қояды. Шын өмірде сол машинаны 4 жыл айдадым. 2 жыл болды әйелім айдап жүр. Ақшасына сай көлік. Ваздан өлсе өлігі артық.
Жалпы әлеуметтік желі деген осы екен. Білсе де білмесе де әркім долбарлап ұра береді.
Сабит Рысбаев
ФБ парақшасынан