Сен тұр - мен айтайын!

Ақшаға жыным келгенде жазып отырғанымды лақтырып жібергім келеді

  • Ақшаға жыным келгенде жазып отырғанымды лақтырып жібергім келеді

    Ақшаға жыным келгенде жазып отырғанымды лақтырып жібергім келеді

Соңғы кезде бар ғой, кіл қағандар жайлы жазып отырып: "Кедейліктен көтенім көрініп жүріп рухани биіктікке ұмтылатыным немді алған?" деп жыным кеп, - "Егер, кедей болса осылар ел қамын ойлар ма еді иии?"- деп те қоям?) Сіздерді қайдам, Оңтүстікте тойға қызмет ететіндердің күйі жақсы. Лайым болсын. Бізде не көп - той көп! Мың жерден тиым болса да, жолын табамыз. Ол адами құпия!) "Өлеміз ба, қайтеміз?"- дееп алып, аптасына кемі бір тойға аз жалақыны керіп жатырмыз.) Қатты тиым кезінде үйде қамалып ішқұса болған той қызметшілері көктемгі қызғалдақтай құлпырып шыға келді!) Біз секілді қашан болмашы жалақымды алам деп сары уайымға батпастан, тойға шауып барып - тауып келе салады. Адал нан. Тапсын. Өткенде беташарға бір ақынға телефон шалдым. Көмекшісі алды!) "Жетпіс мың ғой, әпке?"- дегенде іштей шын жүректен "Бақытты екенсің?"- деп ойладым. Айналдырңан жарты сағатта 70 000 тапса, күшті ғой?! Кейде соларға қызығам и? Тіріңде жеткізе алмай қиналғанның несі жақсы? О дүниемізде не болары бір Құдайға аян. Ақшаға жыным келгенде жазып отырғанымды лақтырып жібергім келеді. Сосын... Сол ғой?)) Жоғарыдағылар 95 000 теңге жалақымызды кемі 300 000 қылса... Мәссаған, бақыттан басымыз айналып, жүре алмай қалатын шығармыз ә?)) Осы дейм да... Атама бізді 500 000 теңге жалақы алады деп алдап-алдап сендіргендер, бүгінде Президентімізді "орта жалақы 250 000 теңге" деп сендіріп жатқанына жының келеді?! Ол кісілер де сене салады екен ә?.. Өлең сөзім өсекші, жұртқа жаяр дегенді біле тұра шекербекке бар ашуымды жазып, жеңілдеееп қалдым и?)

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1145    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 08:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31