Сен тұр - мен айтайын!

Ақылды қатын бола қалғаным оған ұнап қалды

  • Ақылды қатын бола қалғаным оған ұнап қалды

    Ақылды қатын бола қалғаным оған ұнап қалды

"Тышқақ лағы жоқ, сіңірі шыққан кедей екен! " демесін деп күніне 1,5 литр сүт беретін ешкі сатып алдық . Бұл да болса, өкімет берген 21мың теңгенің арқасы)))

Айтқандай , салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін, отағасы велосипед сатып алған. Қызығын мен көріп жүрмін. Азық-түлік дейсіз бе, басқасы дейсіз бе, базар мен үйдің ортасында

ұялмай ары-бері шабамын да жүремін. Одырайып қарайтындар бар. Ондайларға пішту, ішімнен отсталыйсың деймін де қоямын. Баз бір елдер денсаулықты нығайту үшін, арнайы шайтанарбамен жүреді екен.

Бізде ше?

Қалалы жер болмаса, аудан орталығының адамдары қатынның велик тепкенін қабылдай алмайды. Оны қойшы!

Кешкісін күйеу великтің артқы орындығына отырғызып, анда-мұнда қыдыртатыны бар. Ұятты жиыстырдық.

Баратын жеріме жедел жеткізіп, шаферім секілді сонадайда күтіп тұрады. Велосипедтен түскенімді көрсеңіз, құтты бір иномаркадан түскендей кербездене қаламын.

Мысалы , бүгін балмұздақ жеуге алып барды.

Құдайдың бергені шығар.

РОВД~ның жанынан өте бергенде, бүктелген 10 мың теңге тауып алдық.

Ақшаның иісін жақсы көретін мен, әлгіні ішімнен "Кімдікі? " ~деп үш рет сұрап алдым да, ешкім " Менікі" демеген соң, құшырлана иіскей жөнелдім. Оңай табылған олжаға қуанғаным ба? "Ақшаның иісі әдемі иә деймін деп, ақшадан менттің иісі шығады ә? " деппін.

Бітті! Сұрақтың астына алды.

Менттің иісін қайдан білесің? – дейме-ей, жаңылысып кеттім дегенді түсінбей, ит терімді басыма қаптады.

Жә жетер!

Соғыстың да бітетін уақыты болады!

Жеңіліс тапқан ол, жеңіс тапқан мен. Ақша тапқан да мен.

"Кедей болсаң ешкі бақ" – деген! Ана ешкілердің санын көбейтейік!

Ақылды қатын бола қалғаным оған ұнап қалды. Қысқасы, текелер үйінің жанынан табылған теңгеге, теңге қосып, бір теке сатып алатын болдық.!


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3423    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31