Сен тұр - мен айтайын!

Ақылын сатқан да, біреудің ақылына мұқтаж болған да - өте ұят тірлік...

  • Ақылын сатқан да, біреудің ақылына мұқтаж болған да - өте ұят тірлік...

    Ақылын сатқан да, біреудің ақылына мұқтаж болған да - өте ұят тірлік...

Біздің ауылда кітапты көп оқитын. Жақсы кітапты бірінен бірі сұрап жүріп, үйіне алып кетіп оқиды. Біраз нәрсені білетін адам екені - кітап оқитын адамның түрінен көрініп тұратын. Өмірі ауылдан шықпаса да, солардың кітап оқып жүріп жинаған білімі бір жерде болмаса да бір жерде кәдеге жарап жатады. Керек кезде ақыл қосып жібереді. Кітатан оқып-тоқығанын әңгіме қылып та айтып, адамдарды сол әңгімесіне ұйытып отыратын. Онысын бұлдап, ақша сұрағандарын көрген емеспін. Кітап оқу – білімділердің, аристократтардың ермегі сияқты болып көрінетін. Сосын ол ауылда уақыт өткізетін ермек. Қазір бір нәрсені біліп алса болды, семинар, тренинг өткізіп, елдің қалтасын қағатын бір жаман әдет пайда болды. Ақылын сатып ақша табу – қазіргі кітап оқымайтын буынның ауруы ғой деймін. Өздері кітап оқымайды да, біреудің естіген, көрген, оқыған бірдемесін естіп-білгенше тағат таппай тұрады. Содан мотивация алғысы келеді. Ақылын сатқан да, біреудің ақылына мұқтаж болған да - өте ұят тірлік, негізі. Өзін қор көретін психология. Оның артында тағы сол – кітап оқымайтын, өз бетінше ізденбейтін жалқаулық жатыр!

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29