Сен тұр - мен айтайын!

Ақымақтықтың шегі бар ма екен осы...

  • Ақымақтықтың шегі бар ма екен осы...

    Ақымақтықтың шегі бар ма екен осы...

Дәу сабақ болды!
Жұрттың көбінің жүйкесі шаршаған. Мен өзімді барынша аса сабырлы болмасам да, сабырлылау болуға тәрбиелеп жүрмін
Бүгін такси шақырдым. Бірер минут өткенде “қай дом?” деп хабарласты, бір жігіт. Өзім де болжам жасап, жоғарыдан түсіп келе жатқанмын. “Қазір… өзім тауып аламын сізді” дедім. Сыртқа шықсам, анадайда көлігінде “такси” деген белгісі бар аға тұр екен. Сақалы бар аға. “Сіз бе?” десем “иә” деді. “Мен шақырған таксисіз бе?” дегеніме тағы да “иә, иә” деп жауап берді. Қысқалау көйлек киіп шыға қойып ем, ұнатпай бір қарағанын байқап қойдым. Әңгіме онда емес. Ондайға “психикам” өте төзімді.
Так. Сонымен отырып алдым да әуелі ет алдым, сосын көкөніс… “Сіз күте тұрыңыз, бәрібір такси шақырам ғой” деп ем, келісті. Кезек күтіп, анау-мынау алып жүргенде жарты сағаттай өтті.
Сосын тағы он минут біржерге кіріп шықтым. Арасында бір кісі “мені ұмытып кетпедіңіз бе? Такси ғой” деп, екі рет хабарласты. “Жоға, қазір міне…” деп қоямын, әлгі жерде.
Оппа! Бір кезде жаңағы таныс нөмірден бір жігіт: “есіңіз дұрыс па? Қырық минут! Шығасыз ба, шықпайсыз ба өзі?” десе, басым дыңылдаған күйі: (нервымды барынша сақтайын деп) “ойбай, қазір ғой кіргенім, күтем деп едіңіз ғой” деймін. “Қайдағы кірген? Әлі шыққан да жоқсыз ғой” дейді, дір-дір етіп. “Тоқтаңызшы! Не боп кетті өзі? Жаңағы мені алып жүрген ағасыз ба?” десем, одан ары ашуланды. Ееее! Енді түсіндім. Мен басқа біреуге мініп кетіппін. Қалай бар, бәрін бастан-аяқ айтып бердім. Келіңіз мына адреске дедім. Жаным да ашып тұр. Келді. Шықсам, әлгі мені алып жүрген таксистпен екеуі “алысып” тұр.
“Азаматтар, кінә менен!” деп жүріп тоқтаттым-ау!
Негізі, бар айып анау ағадан болып тұр. “Әлия, келесі қожанасырлығыңның бірі деп қабылда да, екеуінің де ақысын төле. Сауап саған” дедім, өзіме)
Сол. Сосын ағадан балаға ауысып, заттың бәрін қайта салдым. Оған мың теңге, автопарктен келген балаға 2 мың үш жүз теңге төлеп, іштен тынған күйі үйіме келдім.
Бірақ көп күтіп нервысы біткен жас бала: “артық кетсем кешіріңіз. Енді түсіндім сізді” деп жатыр. Оған да шүкір!
Өмір ғой, баяғы Әлия болсам сол екеудің жанжалына қосылып, өзі де түсінбей, олардың да жүйкесін бітіріп, миы су боп оралар еді үйіне)
Енді отырмын “ақымақтықтың шегі бар ма екен осы?” деп.
Ал сіздер маған “Праймеризге” қатыс дейсіздер)

facebook.com парақшасынан




Көрілген: 2049    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.08.2021, 09:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31