Сен тұр - мен айтайын!

АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

  • АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК

 

Көпеннің «Үш қоңыр» тауы маңындағы дачасының жөндеу жұмыстарына Төпен келіп жәрдем беріпті.Қасында екі ұстасымен бірге кірпіштерді қалап, бітуге жақындап қалғанда Көпен қасына бір ақын жігітті ертіп келіп қалыпты. «Әр кәлләдә бір қиял» демекші әлгі ақын құрылыс жұмыстарын аралап көріп Көпенге: - Мына жерін былай ауыстырсаң қатып кетеді,-дейді.

 

-Ғажап! Мына идея керемет екен! Давай, осылай жасаңдар!- деп інісіне тапсырма беріпті. Біткелі тұрған жұмысты амалдары жоқ, үшеуі қайтадан қалап шығыпты. Екі күн өткен соң Көпен тағы бір ақын жолдасымен дачаға келіп, досына көрсетіп жатқан көрінеді. Ол да аралап көріп:

-Мына терезені басқа жақтан шығарса қатып кетеді,-деп ол да өз ұсынысын досына жеткізіпті.

 

-Ғажап! Міне, тамаша идея,-деп Көпен Төпенге қарайды. Амалы құрыған үшеуі қайтадан бұзып,терезені басқа жақтан шығарыпты.

 

Бір күні түстен кейін Көпен ұялы телефонымен Төпенге хабарласып:

 

-Дачаға бара жатырмын.Не жетіспей жатыр,айтыңдар ала барайын,-десе Төкең:

-Айналайын Көпен! Бізге ақын әкеле көрме, онан да қатын әкел! - деген екен. 

 

Төпен Әмірбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2810    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31