Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ал қазіргі боксшыларда бәрі бар, бірақ көздерінде от жоқ

23 желтоқсан 2022, 18:08

«Төрт құбыласы тең, жағдайы жақсы адамдар бокстан түк таппайды», – дейді Майк.

 

Бірде Майктың 16 жастағы ұлы әкесіне «рингке шыққым келеді» депті. Бұл туралы Майк былай дейді: «Бокс – түгі жоқтардың кәсібі. Бұл спорт жинақылықты, азапты, ашу мен кекті талап етеді. Осы арқылы сенің кім екеніңді тануға болады.

 

Менің 16 жастағы ұлым боксшы болғысы келді. Мен оған былай дедім: «Не айтып тұрғаныңды өзің түсінбейтін ақымақсың ба?! Сен жеке мектепте оқисың, каникулда Аустрияда демаласың, сөйте тұра боксшы болғың келеді! Сөзінің түрін қара!

 

Мен сияқты жыртқыштармен рингте төбелескің келе ме? Олар сені қолы қалт етпестен өлтіре салады!»

 

Майктың сөзінің жаны бар.

 

Бір кездері Ұлттық құраманы жаттықтырған, бүгінде шетелдіктерге бокс үйретіп жүрген мықты маман (аты-жөнін айтпай-ақ қояйын) маған былай деп еді: «Біз мемлекетте ештеңе жоқ кезде Олимпия, әлем чемпиондарын шығардық. Олардың жеңіске деген жігері сұмдық еді!

 

Ал қазіргі боксшыларда бәрі бар, бірақ көздерінде от жоқ. Бұлар жаттығу кезінде монша мен массажды, дәмді тамақты ойлап жүреді...»

 

 

 

Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан