Жұртты түзегісі келетіндердің өз өмірі осындай. Өзін тәрбиелей алмағандар өзгені тәрбиелеуге көшеді.Адамның ең қатал жауы-өзі.Өзін жеңе алғандардың өзгеде шаруасы болмайды.Осы айтқанымыздың мысалдары төмендегідей...Осында бір достың постынан алып ем...Оқып көріңіздер!
АЛ ТРЕНИНГКЕ БАРЫП КӨР, ЕНДІ...
«Бала және оған қамқорлық көрсету» атты бестселлердің авторы Бенжамин Споктың өзінің туған баласы мен немересі нашақорлық зардабынан өлген. 1936 жылы шығып, әлемге кең танылған «Адамдарды қалай жаулап алуға және қалай әсер етуге болады» кітабының авторы Дейл Карнеги отбасы мүшелерін қуып жіберіп, жалғыз қалғанда сырқатының бейнетіне шыдамай атылып өлген. АҚШ-та «Некені қалай сақтау керек?» кітабының авторы Дерек Медине әйелін сегіз оқпен атып өлтіріп, өмірлік түрмеде отыру жазасына кесілген. XX ғасырда педагогикалық тәрбие саласында революция жасаған әрі бала тәрбиесіне қатысты бірнеше кітаптың авторы, итальяндық педагог Мария Монтессори некесіз тапқан баласы Марионы басқа отбасына тапсырып, он жылдан соң өз баласын қайта асырап алған екен. «Қалай бақытты болуға болады?» бестселлерінің авторы Чхве Юн Хи қатты күйзеліске ұшырап, эвтаназия арқылы өмірмен қоштасқан. Тағдырлары солай шығар, жазғырудан аулақпыз. Осы адамдардың ілімін біреу мадақтап жатқанда, «әулие болса өзін неге жарылқамады» деген ұры ойдың құлағы қылтиып тұрады