Сен тұр - мен айтайын!

Алаш арыстарын ұлт боп жоқтай алмағанымыз қандай өкінішті

  • Алаш арыстарын ұлт боп жоқтай алмағанымыз қандай өкінішті

    Алаш арыстарын ұлт боп жоқтай алмағанымыз қандай өкінішті

Қайбір жылы бұл күні мешітке бардым. Қолымда қағаз. Онда мен үшін ерекше жақын адамдардың аттары... Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұстафа Шоқай, тағысын тағылары... Молданың алдына қағазды қойдым. Құраннан кейін менің қағазымды молдекең оқи бастады. Үлкен мешіт болған соң, адамдар да көп жиналған. Алаш арыстарының аттарын оқи бастағанда, молдекең "бұл кісілер бұған кім" дегендей таңырқай қарады. Бірақ ерінбей барлық есімдерді оқып шықты. Кейбір адамдар таңданысын жасыра алмады, кейбіріне бұл есімдердің ешқандай да мағынасы болмады... Сол кезде ішімнен "құдай-ай, тәуелсіздікті жақындатқан, жерді сақтап қалған, ұлтты ұйыстырған, кейінгі ұрпаққа білім, мәдениет жағынан мол мұра қалдырған Алаш арыстарын ұлт боп жоқтай алмағанымыз қандай өкінішті" дедім. Бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ұмытпайық. Түркияда Ататүрік қалай дәріптелсе, Әлихандардың сондай деңгейдегі тұлға болғанын есте ұстайықшы... Жандары жәннатта болсын! Алла алдарынан жарылқасын! Тарихи әділдік орнасын.

facebook.com парақшасынан




Көрілген: 2100    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31