Алдар Көсемен өмір сүрдік, енді шық бермес Шығайбай болып көрсек қайтеді
ШЫҚ БЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ ЖАМАН ДЕП КІМ АЙТТЫ?
 
Рас, Кеңес Одағы кедейлердің елі болғандықтан Алдар Көсенің идеологиясы үстемдік құрды.
 
Әлі де болса бір тиянақ таба алмай , барымызды оң-солды шашып жүргеніміз соның салдары ма деймін?
 
Әлі де болса басқаның есебінен күн көрсек, берсе қолынан, бермесе жолынан, алдап, арбап, болмаса тартып алсақ деген ойдан толық арылған жоқпыз.
 
Жолда тапқан тағасын сатып, баласына шие тергізген, бір рет иілмеген белін жүз рет иілткен әкенің кейпіне ене алмай жүрген тәріздіміз.
 
Еңбекпен мал тауып, тапқанын тірнектеп жинау - басты идеологияға айналды ма бізде?
 
Алдар Көсемен өмір сүрдік қой, енді анда-мұнда шашылмайтын шық бермес Шығайбай болып көрсек қайтеді деген ой келеді.
 
Байқасаңыздар, шық бермес Шығайбайдың бойында бір мықтылық бар, ә?
 
 
 
Serik Zhanbolat
Фейсбуктегі парақшасынан