Сен тұр - мен айтайын!

Әлде білікті кексепсихологтан дәріс алды ма екен?

  • Әлде білікті кексепсихологтан дәріс алды ма екен?

    Әлде білікті кексепсихологтан дәріс алды ма екен?

Түнгі сағат 3-тің кезінде ұялы телефонымды шұқылап, әл-желіде саясаттан сапырғандар мен болашағымыз жайлы аз-кем болжамдарды оқып жатқанмын.


Сеземін, жанымдағы отағасы да, ары-бері аунап, дөңбекшіп жатыр. Соған қарағанда шешілімей жүрген бір уайымы бар секілді. Құдай қосқан қосағы емеспін бе? Оятып алып не болғанын сұрадым .


Орнынан тіктеліп отырған ол, жүрек тұсын ұстап , терең күрсініп алды.


Бір нәрсе айтсам ренжімейсің бе?


Не айтатынын білгім келіп өліп бар жатқан мен, ренжімеуге уәде бердім.


Әнгімесін әріден бастады.


-Сен елдің жағдайына алаңдайтын қызсың ғой иә .


-Иә


Халық саны аз. Оны өзің де білесің. Демографияны өсіру керек! Балалы үй базар деген. Ертең қартайғанда әр балаңның үйіне қыдырып, бақыттан басың айналады әлі. Сол үшін айналайын Сәке бір беткейлікті қойып, мен айтқанда жоқ демеуің керек.


Что он намекает? Нечего себя. Рұқсат сұрайтын болған ба не? Әлде білікті кексепсихологтан дәріс алды ма екен? Баааәқ еткізбей, баяғыдан осылай етсе, мен де сары майдай ерімес пе едім?


Оның бүгінгі сөзбен сындыру әдісі ұнап қалды. Жүрегім жылып, енді "жоқ" демеуге іштей серт бердім.


Енді "Бастасай "деймін үздігіп.


То-то-тоқал алып бересің бе?


Ааә Шолпан. Маздаған отты, су сепкендей етті-ау.


Ала бер! (Іштей шшшшш. ) Ата-бабамыз төрт қатынға дейін алған. Олардан бір жерің кем бе? Өзім тойыңда қызмет ететін боламын! Әкел шүйкебасыңды.


Сөзім кекесіндеу көрінді ме "Ұйықташы" деп көрпесін тас бүркеп жатып қалды.


Таң атып, түс болды. Демографистымыз әлі ұйқыда. Жаным ашып кетсеші. Тұрсаңшы! Сен тоқылдап жүргенде елбасы ауысты, ұйықтап жатқаныңда Астананың аты өзгерді. Назданып жатыр .


Туа бітті қолым ашық, көңілі дарқан жан едім, арман еткен тоқалын алып берейін деп шештім.


Тойға келіңіздер!


Елдіңназарынбасқажақааудару, Қарақаттанқайжермкем?

Всетакиалыпбергенжоқ.


 Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 706    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.03.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31