Сен тұр - мен айтайын!

Алдымен рұқсат ет, сосын не боларын көре жатарсың...

  • Алдымен рұқсат ет, сосын не боларын көре жатарсың...

    Алдымен рұқсат ет, сосын не боларын көре жатарсың...

Өзіңе рұқсат ет!

Қателесуге, арпалысуға, өзгеруге рұқсат ет. Алпыста болсаң да, он алты да болсаң да таңдануға қысылма. Өзіңе жұрттың бопсасына жауап қатпауға рұқсат ет. Ақталмауға, дәлелдемеуге, көнбеуге рұқсат ет. Қолда барды еркіне жіберуге рұқсат ет. Кетісуге рұқсат ет. Жолың бір болмаған адамдармен қоштасуды үйрен. Сені бағаламағандардан кетіп қалуға қақың бар. Сүймегендерден, өзің сүйе алмағандардан кету керек. Өзіңмен өзің болуға рұқсат ет. Өзіңе әр түрлі болуғ рұқсат ет. Ешбір санатқа, шекараға, стереотипке, типологияға, түрге жатпайтын адам болуға құқылысың. Ешкімнің үмітін ақтауға тырыспауға да қақың бар. Еркіңнен тыс өзгенің ыңғайына көнбеуіңе де болады. Ересек балаң үшін қорықпай өмір сүр. Жас балаң үшін де қорықпа. «Менен басқа ешкімге керегі болмай қалады» деп өзіңді қорқытпа.
Паровоздың алдында жүгірмеуге де қақың бар. Ең соңында да қалма. Жүгірмей өмір сүр. Өзіңе қажет бағытқа шыққан пойызды күте біл. Діттеген жеріңе тұрып бармай, СВ баруға да қақың бар. Рұқсат ет.
Анда-санда сүйіктің туралы ойламауға қақың бар. Біраз уақыт ойламай өмір сүре тұр. Неге кешікті, неге екі сағаттан бері жауап қатпады, неге маған гүл сыйлап көрмеді деместен өмір сүр. Ойлама оны. Өзіңді ойла.

Құрбыңның сыбырлағанына мән берме. «Саған айтар маңызды жаңалығым бар» десе де, мән берме. Өзіңмен өзің болуға рұқсат ет. Күніне бір сағат болса да жеткілікті. Үздік-создық минуттардан құралған бір сағат болса да. «Өзіме уақыт жоқ» демеуге себеп тап. Уақыт бар. Сол уақытты өзіңе жұмсауға рұқсат ет. Армандауға рұқсат ет. Ұсынса қол жетпейтін арманды арманда. Орындалмас арманды арманда (орындалмасын қайдан білдің?). Рұқсат ет. Кез келген ақшаға, марапатқа, атақ-даңққа, мөлдір махаббатқа, ұмытылмас демалысқа лайық болуға рұқсат ет. Жай ғана рұқсат ет. Өз-өзіңмен болуға рұқсат ет.
Алдымен рұқсат ет, сосын не боларын көре жатарсың...

Аглая Датешидзе

 

Shynar Ábilda
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1747    Пікірлер: 0

жұма, 03.07.2020, 08:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31