Сен тұр - мен айтайын!

Александр Аскарович, Николай Дастанович дегендер, әкесінің қазақ екені мұрындарына иісі де бармайды

  • Александр Аскарович, Николай Дастанович дегендер, әкесінің қазақ екені мұрындарына иісі де бармайды

    Александр Аскарович, Николай Дастанович дегендер, әкесінің қазақ екені мұрындарына иісі де бармайды

 Нотариуста отырсам, нотарус апай "Негізі қазақ деген өте слабый xалық. Ойдан шығарды демеңдер, мына жерде отырғаныма жарты ғасырға жуықтады, көргенімді айтайын, қазақ жігіт орыстан, не кәрістен қатын алады, өзі де соның тілінде сөйлеп, бала-шағасы да қазақша татпайтын жағдайға жетеді. Қазақ қызы ұйғырға, не қытайға тиеді, опять же соның тілінде сөйлеп, солардың дәстүрін айтып, осы жерге келіп отырады. Мысалы, талай орыс келеді Александр Аскарович, Николай Дастанович дегендер, әкесінің қазақ екені мұрындарына иісі де бармайды. Әкесі мәңгүрт құсап отырады анадай жерде!" дейді апам!

Сол-ақ екен, кезекте тұрған орыс келіншек "Менің ұлым бір рет "Мама, мен осы орыспын ба, қазақпын ба?" деп сұрады" (балаларына қарасам, әкесі қазақ екені көрініп тұр), сен Қазақстанда тұрасың, қазақ болатын шығарсың, бар, папаңнан сұрашы дедім. Балам папасына барған еді, папасы "Білмейм, өзің білші, орыс болғың келсе орыс бол, қазақ болғың келсе қазақ бол" деді" дейді. "Еркек екен онда!" деп кекетті нотариус апай.

Намыстан жарылардай боп отырмын. Не дейсің ал? Рас қой, ауылдан келген талай танысым орыс қатын алды. Мляя, шіркіндерің өмірі қалада тұрғандай сызылыып орысша сөйлеп жүреді, балалары қазақ екенін білмейді де. "Неге мұндай тәрбие беріп жатырсың?" десең, "Өзім орыс тілін білмей көп қиналғанмын, бұлар қиналғанын қаламаймын" деп қояды. "Жақсы бопты" дейсің, не дейсің басқа? Көл тамшыдан құралады, бәріміз бір тілден қиналдық екен деп баламызға қазақ екенін айтпай өсірсек, жақын 50 жылда жойылып кетпесімізге кім кепіл? Онсызда әркіммен қанымыз араласып, бойымыз мыртиып, ұсақталып барамыз. Ата-бабамыз қандай денелі, ұзын бойлы болған! Қайда сол нар тұлғалы, тепсе темір үзетін қазақ жігіттері?Жүреді кейін мәңгүрттердің ұрпағы көздері қысиып, не көкшиіп, сала жеп, құрт-құмырсқа жеп. Кәрісіңе еліктеп жігіттер (жігіт деуге де ұяласың) жүр ласина киіп, шаштарын қызылға бояп. Жағымпазбыз просто. Бір сөзбен айтар болсақ, шындық сол!

Шетелге барсаң да намыстанасың ше, әр ел өз тілінде сөйлеп жүреді, со баяғы Әпенде қазақ жарбаң-жарбаң етіп орысша сөйлеп жүреді, "Сендер қай ұлтсыңдар негізі?" деп түсінбей жүрген анада бір шетелдік! Жының келеді кейде намыссыз дүбараларға. 


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 5366    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 23:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31