Сен тұр - мен айтайын!

Әлемде неше миллион еркек бар, соның неше миллионы өзіне ыңғайлы көңілдес іздейтіні бір Құдайға аян

  • Әлемде неше миллион еркек бар, соның неше миллионы өзіне ыңғайлы көңілдес іздейтіні бір Құдайға аян

    Әлемде неше миллион еркек бар, соның неше миллионы өзіне ыңғайлы көңілдес іздейтіні бір Құдайға аян

 ,,Күйеуім қызметке тұрған мекемедегі бір әйелді құлай сүйіп, ессіз ғашық болып қалды. Не істерімді білмеймін, екеуі күнде сөйлеседі, жазысқан хаттарын да оқып қойдым, әңгімелері жарасады екен,,- деп бір құрбым мұңын шақты...Алғашында орта жастағы рухани кризис шығар деген ой келді басыма.

Әлемде неше миллион еркек бар, соның неше миллионы өзіне ыңғайлы көңілдес іздейтіні бір Құдайға аян. Кейбір ер кісілердің қолында ақылы мен мінезі, жан дүниесі айдай жарқыраған таза жан жары бола тұра, сырттан көңілі басқа біреулерді іздеп тұратыны өтірік емес. ,,Қолда барда алтынның қадірі жоқ,,деген ғой. Мұндай типтің психологияда атаулары бар. Көңілдің жетімдігі дейміз бе, әлде ақылдан гөрі сезімнің басымдығы дейміз бе, әйтеуір түрлі - түрлі диагноздар қоя беруге болады.Отбасы дұрыс болса да, көңілдес іздейді. Абдуғаппар сияқты бір қатал молдаға барып, ,,Біреуге ғашық болып қалғаныңыз туралы,, проблемаңызды айтып көріңізші. Жер жебіріңе жетіп, түтіп жейді.))) ,,Күнәһар басыңды әрең көтеріп шығасың,,...

Менің марқұм әкем бұрын бір әйелмен әңгімесі күшті жарасып кетіп, ұнатып қалған ба, анда- санда қонақ боп барып тұратынын естігенбіз. Мамам ,,Бір әйелге ғашық боп қалған. Пенсиясы түскенде әсіресе жиі барғыштап жүр,, - деп шындығын жайып салғанда не дерімізді де білмей аң-таң болғанбыз. Қызғанып отырған мамам жоқ.Ол әйелдің өзі 57-58 дердегі кәрі, жесір әйел екен естуімше. Бір туысымыздың үй жағында тұрады екен. Түрін көрген емеспін, көруге де зауқым соққан жоқ. Телефонмен сөйлесіп тұратынын білетінбіз. . Біз ешқайсымыз ләм- мим деп әкемізге ренжімеппіз ғой сонда. Екі рет жүрегіне операция жасатқан, денсаулығы әлсіз, көп таблеткалар қабылдауынан денесі біраз шөгіп қалған соң, тірі жүргенінің өзіне шүкір ететінбіз. Өзі қалжың әңгіменің түбін түсіріп айтатын ақкөңіл, ақжарқын кісі еді ғой. Сол әзіл - қалжыңына әзілмен жауаптың түбін түсіріп отыратын сырлас керек болған шығар дедік те қойдық.

Өз басым орта жасқа келіп, орда бұзар шағында сезім сергелдеңіне түсіп, өзгемен жүріп кетіп, махаббат машақатын кешіп, шаңырағына проблема тудыратын ер жігіттер сол уақытын ерлік, қайырымды істерге, қоғамның жүгін көтеруге, адамгершілікке жұмсағаны миллион есе қайырлы болатынын айтқым келеді де.


facebook.com парақшасынан


 




Көрілген: 2421    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.11.2019, 16:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31