Сен тұр - мен айтайын!

Алған адам емес, бере білген адам – бақытты...

  • Марфуға Шапиян

    Марфуға Шапиян

"Жаңа жыл қарсаңында ағам маған судай жаңа көлік сыйлады. Кеңседен шықсам, машинамды айналсоқтап бір бала тамашалап жүр екен. "Бұл сіздің көлігіңіз бе?" деп сұраған балаға: "Иә, менікі. Оны маған ағам сыйлады" деп мақтанышпен жауап бердім.
Көздері жайнап кеткен бала: "Шіркін, сіздің..." дей бергенде ақ, оның ойын бірден ұқтым. Ол да "көлік сыйлайтын бай ағам болса" деп армандап тұрған шығар. Бірақ бала: "Шіркін, сіздің ағаңыздың орнында болсам ғой" деп, мен күтпеген сөзді айтты. Баланың ниетіне риза болып кеттім де, көлігіммен қыдырып қайтуға шақырдым. Сәл жүргеннен кейін бала қуанышты дауыспен: "Аға, кешіріңіз. Менің үйімнің алдына тоқтай аласыз ба?" деп өтінді. Үйіне әдемі көлікпен келгенін көрсетіп, көршілеріне мақтанғысы келіп тұрған шығар деген оймен тоқтай қалдым. Бірақ тағы қателесіппін... Үйіне жүгіріп кіріп кеткен бала бір кезде кішкентай мүгедек інісін арқалап шығып, көлікті нұсқап: "Көрдің бе? Бәрі де жаңа саған айтқанымдай. Бұл көлікті мына кісіге ағасы сыйлапты. Мен де күндердің бір күнінде міндетті түрде, саған осындай машина сыйлаймын. Сосын қалаған жеріңе өзің бара алатын боласың" деді жүзі бал бұл жанып.
Кішкентай баланың інісіне деген сүйіспеншілігіне толқып кеттім. Көлігімнен түсіп, інісін машинаның алдыңғы орнына отырғыздым. Мәз болып кеткен балақай артқы орынға жайғасты. Үшеуміз біразға дейін қыдырдық. Мен сол күні бірдеңені алғаннан да бергеннің көбірек бақыт сыйлайтынын түсіндім..."
Бір кітаптан осы оқиғаны оқып отырып, мен де ата ана, бауырларымыздың өздері ішіп жемесе де барын неліктен біздің аузымызға тосатынын, жақсы дүниесі болса неге бізге бергісі келіп тұратынын енді түсіндім. Адам ең қымбатын жақынына беріп, оны қуантқанда бақыттырақ бола түседі екен ғой...

Марфуға Шапиян
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 2605    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 08.10.2014, 10:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31