Алғыс айту күні деген суайт шешім қазаққа мүлдем кереғар

01 наурыз 2022, 10:30

Қазақ "рақмет" айтпаған.

 

Қазақта рақмет деген сөз де, оңды-солды алғыс айту да бола қоймаған. Ол - қазақтың "неблагодарныйлығынан" емес.

 

Керісінше қазақ үшін жақсылық істеу - қайтарым күтпейтін, кәдуілге сіңісті морал болғандығынан. Жақсылық, қайырым рақмет үшін емес, риясыз істелетін қазақ үшін үйреншікті, қатардағы қарапайым қылық

 

"Рақмет" сөзінің өзі бертінде, бәлкім совет дәуірінде пайда болған калька болу керек: "Спаси, боже" секілді  - "Рақым ет!"

 

Қазақта ежелден бері келе жатқан алғыс сөзі "Сау бол!" Бұны көбіне кәзір батыс жақта айтады. Әзербайжандарда оғыздардан бері келе жатқан нұсқасы бар: "Сау ол!"

 

Төріктерде жақсылық жасау сауап жинаудың бір тәсілі - ол үшін "рақмет" керек емес.

 

Қазақ істеген ісіне рақмет күтуді ерсі көрген халық. Алғыс алудан ұялған халық. Керісінше оның орнына бата алуға құмартқан халық!

 

Сол себепті бір күнді Алғыс айту күні деген суайт шешім де қазаққа мүлдем кереғар ерсі нәрсе!

 

 

 

Серік Ерғали

ФБ парақшасынан