Сен тұр - мен айтайын!

Алла, Ассаламалейкум деген сөздерді естігісі келмейтіндерде бар. Біз осы кімбіз?

  • Алла, Ассаламалейкум деген сөздерді естігісі келмейтіндерде бар. Біз осы кімбіз?

    Алла, Ассаламалейкум деген сөздерді естігісі келмейтіндерде бар. Біз осы кімбіз?

Қадір түнінде еліміздің бас мүфти, хазірет Наурызбай қажының аузынан мынадай әңгіме тыңдаудың орайы түсті. Наурызбай қажы Қазақстан Діни Мұсылмандар басқармасының басшысы болып сайланып, алдағы жұмыстар, жоспарлармен бөлісейін деп Мемлекет Басшысына мені қабылдасаңыз деп хат жазыпты. Көпке бармай, жауапта келді. Сөйтіп қарасам, Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мырза мен сізді қабылдамаймын, сіз мені қабылдаңыз. Мен өзім барып, жолығамын деп сәлем жолдапты. Ұзаққа жеткізбей, Хазірет Сұлтан мешітіне келіп, құран оқытып, жүздесіп біраз жұмыстарды талқыға салып алдық дейді.
Бұл жерде баршаңыздың назарларыңызды Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың кісілігі мен бекзат қасиетін жоғары бағалап риза болып қалдым. Президент қой, Ақордаға шақырып қабылдаса болады ғой. Жоқ. Олай істемеді. Өзі келді.

 

***

Америка құрама штатының жаңадан сайланған президенттері жұмысқа кіріспес бұрын қасиетті Библияны ұстап ант береді. Оларда біздегідей конституция бар. Бірақ, конституция емес, Библияны ұстап ант беруінің астарында біз түсіне бермейтін мән жатқаны белгілі. Экс-Президент Барак Обама Президенттік лауазымы аяқталып, кетерінде «Да хранит вас бог. И да продолжит бог хранить Америку» деп сөзін аяқтапты.
Екінші қызық дерек. Бүкіл әлем қолданып жүрген долларда «In God we trust» (Біз құдайға сенеміз) деген жазу 1956 жылдан бастап жазылып келеді. Экс-президент Дуайт Эйзенхауэр осы ұранды Америка Құрама штаттарының ресми ұраны және барлық ақшаларға жазуды тапсырыпты.
Ал, бізде қалай?! Қандай қоғамды құрып жатырмыз? Бізде керісінше, Алла, Ассаламалейкум деген сөздерді естігісі келмейтіндерде бар. Біз осы кімбіз?

Рауан Кемербай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1193    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30