Сен тұр - мен айтайын!

"Алла, қаншауы ұрғашы, қаншауы еркек екенін кәміл біледі"

  • "Алла, қаншауы ұрғашы, қаншауы еркек екенін кәміл біледі"

Менің қорғаштағанымды қажет етпейтін, қайта, өзім қорған іздейтін әлемім- дін. Әлбетте, ешқандай ағымсыз, ата-бабамнан мирас болған дін. Соңғы кезде Матрудиге тиісе бастағанда еш таң қалмадым. Әдетте, қандай да бір ілімді зерттей бастасақ, міндетті түрде бастауын іздеуіміз табиғи заңдылық. Мәселен, Яссауиді зерттей бастасаң міндетті түрде Әл-Фараби мен Матруди, Әбу Ханафиге кезігесің. Себебі, сопылық ілімнің тамырын тереңдету үшін, алдымен өзіне дейінгі ілімдарлардың еңбегін зерттеді. Рас қой?! Қандай да бір ілімнің бастауында айдын бір ғалым тұрары хақ! Матруди ілімін зерттегенімде, діни ұстанымын галактикалық ойға ұштастыра отырып логикалық ойды санқұбылтқан шеберлігіне тәнті болдым! Ал, Әбу Ханафидің логикалық шеберлігі Конфуцийден асып түспесе - кем емес! Бірде, яхуди Әбу Ханафияға өзінің мықтылығын, көрегендігін дәлелдей алатына бәс тігетінін айтады. Әбу Ханафия сәл ойланып, келіседі. Яхуди ағаштың діңгегін ойып, ішіне бір жапырақ жас малдың етін салып, бетін балшықпен сылап тастап "Мына жансыз жерден екі аптадан соң Алланың еш қатысысыз жандылар шығатына бәс тігем! " дейді. Араға екі апта салып екеуіне еріп халық жиналады. Яхуди балшықты ашқанда, ішінен құрт өріп шығады. "Міне, жансыздан - жанды шығардым!" деп масаттанған яхудиге; "Жақсы. Енді осы құрттың қаншауы ұрғашы, қаншауы еркек?" деп сұрайды. Яхуди "Оны қайдан білемін, көрмеймісің, жыпырлаған құрт қой?!"деп таңданады. Сонда Әбу Ханафия; "Солай ма? Алла, қаншауы ұрғашы, қаншауы еркек екенін кәміл біледі" дегенін оқып, күні бойы көз алдыма елестетіп, тамсанып күлгенім бар. Айтқым келгені, Әбу Ханафия, Матруди, Фараби, Яссауиге қанша жерден күйе жақса да - күндей жарқырап ғасырдан-ғасырға өте береді.

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2101    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.11.2020, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31