Сен тұр - мен айтайын!

"Алла саған екі періште дайындап қойған" десе қалай болар еді?

  • "Алла саған екі періште дайындап қойған" десе қалай болар еді?

Бүгін ватсапта ата-ананы сыйлау туралы ғибратты әңгіме оқып қалдым. Аты "екі құл" Бірақ менің миыма сәл ауырлық етіп, қорыту қиындау соғып жатыр.

Басы былай басталады:

"Ананың құрсағынан нәресте мына жарық дүниеге шығарда, жалған дүниенің зұлматынан қатты қорқып, шықпаймын деп шырылдайды екен. Сол кезде періште, қорықпа Алла саған екі құл жаратып қойған, олардың аты ата - ана деп аталады. Олар Алла әмірін орындап, саған құл болып қызмет атқарып, бағып, қағып өсіреді.."

..деп әрі қарай кетеді. Онсыз да қайда барсаң да сен құлсың, құлсың деп үйрететіндер аздай енді ата-ананы құл деп түсіндірмесе қайтеді екен? Жарайды, ата-ана құл сияқты баласы үшін зыр жүгіріп жүреді дегісі келген шығар. Енді орыстардың осыған ұқсас әңгімесіне қараңдар:

"За день до рождения ребенок спросил у Бога: - "Я не знаю, что я должен делать в этом мире?" Бог ответил: - "Я подарю тебе Ангела, который всегда будет рядом с тобой" - "Но я не понимаю его язык" - "Ангел будет учить тебя своему языку. Он будет охранять тебя от всех бед" - "А как зовут моего Ангела?" - "Неважно как его зовут... ты будешь называть его Мама!"

Тамаша! Әкесін қоспағаны болмаса, ананы періште деп тұр. Керемет емес пе?

Мен мұнымен орысты бізден артық дегім кеп тұрған жоқ. Бұл әңгіменің де авторы бар шығар. "Алла саған екі періште дайындап қойған" десе қалай болар еді?


Есет Калманов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 830    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31