Алматы әкімдігінде қаншама жауапты жандар бола тұра ағашқа дейін Президент араласады
АЛМАТЫНЫҢ
Төле би көшесінде өсіп тұрған ағаштарды рұқсатсыз кесіп тастаған шу Тоқаевқа жетті. Бүгін Президент бұған қатысты кім жауапқа тартылады, кім бақылауға алатынын айтты.
Осы біз қызықпыз, Алматы әкімдігінде қаншама жауапты жандар бола тұра ағашқа дейін Президент араласады
Егер, бір қаланың ағашын қорғай алмаса экология инспекторлары не үшін, заңсыз кесіп жатқанын көрмесе патрульдік полиция не үшін, Алмалы мен Жетісу әкімдігі не үшін, тіпті, алып шаһардың тәртібін бақылай алмаса Сағынтаев не үшін отыр? Тоқаев назарға алған соң Алматы прокуратурасы тексеру бастады.
Әу баста "Біздің бұл территорияға қатысымыз жоқ" деген sulpak өтірікті соғып жіберіпті. Сөйтсе, ағашты кесіп тастаған алып дүкеннің өз мердігері болып шықты. ҚР ҚК 340-баппен қылмыстық іс қозғалды.
70 жыл бойы қалаға көрік берген 9 емен,
мың жыл жасайтын 4 шегіршін балталанды. #еңқызығы бір топ ағаштың жоқ екенін экология инспекторы емес жәй ғана табиғатқа жанашыр қала тұрғыны байқаған.
#уоттак